РесмиРуханият

«Күй-ғұмыр» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы жарияланды

Аты аңызға айналған күйші, халық композиторы Аққыз  (Мүгілсім) Ахметқызының есімін ұлықтауға арналған «Күй-ғұмыр» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы жарияланды. Мүшәйра Қарағанды облыстық әкімдігінің және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қолдауымен өтеді. Ақпараттық қолдау көрсететін «Saryarqa aqparat»  медиахолдингі.

Сурет: egemen.kz сайтынан

Мүшәйраның мақсаты:

– Белгілі күйші Аққыз Ахметқызының (Мүгілсім) адамгершілік болмысын, өрелі өнерін паш ету;
– Мәдени мұраларымызды жаңғырту, руханият әлеміндегі тұлғаларымыздың есімін дәріптеу, үлгі ету.
– Шығармашыл өнер иелеріне қолдау білдіру.

Мүшәйраның талаптары:

1) Мүшәйраға қатысушы үміткерлердің жас мөлшері шектелмейді;

2) Мүшәйраға екі өлең қабылданады:
– Аққыз күйшіге арнау
– Еркін тақырыптағы бір өлең

3) Шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында жіберілуі қажет;

4) Жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған және талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды;

5) Қазылар алқасы мүшәйраға     қатысушы ақындардың өлеңдеріндегі тақырыптың толық ашылуына, шығарманың көркемдік деңгейіне мән береді.

6) Ақындардың өлеңін бағалау кезінде шығарма авторларының аты-жөні   қазылар алқасына құпия сан түрінде ұсынылады.

7) Қатысушылар өз туындыларын төменде көрсетілген электронды поштаға жібереді.

Пошта: Akkyz.2024@mail.ru

Мүшәйраға ұсынылатын шығармалар 2024 жылғы  15-сәуірге дейін қабылданады.

Қажетті құжаттар:

– Жеке куәлігінің көшірмесі;
– Қатысушының бір фотосы;
– Автор жайлы қысқаша мәлімет (туған жері, жұмыс орны, т.б.);
– Байланыс телефоны.

Мүшәйра жеңімпаздарын марапаттау Мүшәйра қорытындысы бойынша жазба ақындарға төмендегідей жүлделі орындар тағайындалады:

Бас жүлде – 1 000 000 теңге;
1-орын (біреу) –  700 000 теңге;
2-орын (біреу) –  500 000 теңге;
3-ақынға ынталандыру сыйлықтары – 100 (жүз мың теңгеден)

Мүшәйраның жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Мүшәйраның марапаттау рәсіміне қазылардың іріктеуінен өткен жүлдегерлер ғана шақырылады. Шараның өту форматы қосымша хабарланады. Ұйымдастыру комитеті мүшәйраға қатысқан авторлардың өлеңдерін БАҚ беттеріне, жинаққа жариялауға құқығы бар.

Мүшәйраның өтетін орны – Қарағанды қаласы.

2024 жылдың 17 мамыр күні сағат 15-00 де Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттер сарайында жеңімпаздарды марапаттау кеші өтеді. Кеште жеңімпаз болған жүлделі ақындардың өлеңдері оқылып, Аққыз күйшінің күйлері орындалып, әндері шырқалады. Мүшәйраға қатысушылардың жолақысы өз қаражаты есебінен.

Қосымша анықтамалар алу үшiн мына телефон нөміріне хабарласу қажет: 8 701 799 3040 8(701) 736-11-71

Ұйымдастыру комитеті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button