Бас тақырыпРесми

Ақсу-Аюлы – Балқаш: айналма жолдың балама нұсқасы әзірленді

Ақсу-Аюлы елді мекеніне жақын жерде (РФ шекарасы – Алматы тас жолы 1610 шақырым) жолда су тасқыны орын алуына байланысты жол жабылған болатын.

Сурет: ҚазАвтоЖол

– Қазіргі кезде ауыр жүк көліктері қосымша көмек арқылы қатынауда. Ал жолаушылар тасымалы үшін өткел жабық күйінде қалады, бірақ Ақсу-Аюлыда қалғандар үшін Қарағанды ​​– Жарық – Ақсу-Аюлы – Балқаш станциясы арқылы өтетін айналма жолдың баламалы нұсқасы әзірленді. Жолдағы су басу жағдайын ескере отырып, жолаушылардан осы бағытта тек күндізгі уақытта қатынауын сұраймыз, – деп хабарлайды облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button