Жаңалықтар

Ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 33 жастағы азаматты ұстады.

Сурет stan.kz

Мәселені тарқатып айтсақ, күдікті 30 жастағы танысынан шұғыл қоңырау шалу үшін ұялы телефон сұраған. Телефонға әлдебір қосымша орнатып, өз шотына 160 мың теңге аударып алған. Алайда, күдікті қолға түскен. Ол өз кінәсін толық мойындап, ұрланған қаражатты растайтын заттай дәлелдемелерді көрсетті.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button