Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР


Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін «ҚҰБ «Online» мобильдік қосымшасында жаңа бөлім пайда болды

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «ҚҰБ «Online» мобильдік қосымшасында 2017 жылғы 3 мамырда жаңа «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімі іске қосылды.

Бұл бөлімде пайдаланушылар сұрақ қоя отырып, екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының субъектілері көрсететін қызметтерге жататын қаржылық қызметтерді, сондай-ақ микроқаржы ұйымдары көрсететін қызметтерді алу кезінде өздерінің құқықтары туралы түсініктеме ала алады.

«ҚҰБ «Online» қосымшасы құқықтық көмек сұрап, консультациялар алу үшін өтініш жасауға болатын Қоғамдық қабылдау бөлмесінің (Ұлттық Банкте 2015 жылдан бері жұмыс істейді) мобильдік нұсқасы болып табылатынын атап өткен жөн.

Бұл ретте жауаптары заңнамамен қорғалатын құпияны (банк құпиясын, сақтандыру құпиясын, бағалы қағаздар нарығындағы құпия, зейнетақы жинақ ақшасы құпиясы және т.б.) құрайтын конфиденциалды сипаттағы сұрақтарды Ұлттық Банкке ресми жазбаша сұратулар арқылы қойған дұрыс. Мұндай жағдайларда Ұлттық Банк қызметкерлері «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңына сәйкес белгіленген мерзімдерде ресми жауап немесе түсініктемелер дайындайды. Қазақстан аймақтарында мұны Ұлттық Банк филиалдарына жүгіне отырып істеуге болады.

Сонымен қатар, Ұлттық Банк «ҚҰБ «Online» мобильдік қосымшасын және оның бөлімдерін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды қарауға дайын. «ҚҰБ «Online»-ге жаңа бөліммен қатар мынадай бөлімдер енгізілген: «Банкноттар мен монеталар»; «Ипотекалық кредиттер»; «Айырбастау операциялары»; «Банктерде қызмет көрсету»; «Төлемдер»; «Банкоматтардың жұмысы» және «Өзге».

Ұлттық Банктің қызметі және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықпен жедел іс-қимыл жасауға арналған «ҚҰБ «Online» сервисі 2016 жылғы қарашада іске қосылғанын еске саламыз. «ҚҰБ «Online» Whatsapp, Viber немесе Telegram сияқты танымал сервистер сияқты заманауи мессенджерді білдіреді, оның көмегімен пайдаланушы сұрақтары, проблемалары, ұсыныстары бойынша Ұлттық Банкке тікелей жүгіне алады.

Осы қосымшаның пайдаланушыларына алғашқылардың бірі болып KASE-дегі сауда-саттық нәтижелері, валюталар бағамдары туралы ақпарат, қаржы нарығы бойынша деректер және Ұлттық Банктің басқа жаңалықтары қолжетімді болады.

«ҚҰБ «Online» мобильдік қосымшасын App Store және Play Market дүкендерінде мемлекеттік тілде және орыс тілінде көшіріп алуға болады.

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:

+7 (727) 270 45 85

e-mail: press@nationalbank.kz

www.nationalbank.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button