Жаңалықтар

Ақиқатты дөп басқан болжам

Адамзат баласының тарихында небір қанды қасап, нәубетке толы кезеңдер, зұлматқа толы жылдар көп болған, алайда, кешегі КСРО империясы кезіндегі отызыншы жылдар мен елуінші жылдар басындағы «саяси сенімсіз», «халық жауы» деген жалған айыппен атылған, айдалған, жазықсыз жандар сотталғанын баса айтқан ­абзал.

Сурет автордан

Тәуелсіздік таңы атқаннан бері бұл тақырып күн тәртібінен түскен жоқ, көптеген зерттеулер, деректі дүниелер, өнер туындылары, т.б. жарық көрді. Зұлматқа толы зобалаң жылдар оқиғасы бүге-шігесіне дейін толықтай зерделенген жоқ десек те, қыруар іс-шаралардың жүзеге асқанына тәубе дей отырып, осы материалда нақты атқарылған бір іске тоқталмақпыз.

ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында ешқандай төңкеріс болмай-ақ, бір оқ атылмай-ақ өмір сүруін тоқтатқан КСРО империясы, тараған СОКП, тұтастай алғанда миллиондаған адамдардың арман-тілегі, азаттыққа ұмтылуы, ой-сана, парасаттың жеңісі десек, келмеске кеткен империяны тұтас бір жүйе, мықты идеологиясы, қуатты күші бар орасан ірі құрылым еді деген абзал. Қорқытуға, күшке, өктемдікке ерік берген жүйе өз кезінде үстемдік етсе де, адам санасы ешқандай құлдыққа бағынбайтынын дәлелдеген еді. Сол ғасырдағы барлық қиянатқа толы кезеңді айтпасақ та, бір ғана өңірімізден шыққан жандардың трагедияға толы ауыр тағдырларын жазған едік («ОҚ», 31.05.2016 және «ОҚ», 31.05.2018. Ескерту: бұл екі материалда Ғ.Тоқсантаев, М.Ахметов (атақты Дия қажы), О.Сәтібаев, К.Қанбатыров, М.Байтілеуов, Ш.Қамболатов, т.б. жандардың өмір жолы туралы айтылған). Бұл алапат кезең жайлы Орталық Қазақстан академиясында өткен Халықаралық ғылыми конференцияда баяндама жасадық. Енді осы бағытта жүзеге асқан тағы бір игілікті іс туралы айтпақпыз.

Белгілі азамат, Шет ауданының тумасы Ғабидолла Әйешов саяси қуғын-сүргін құрбандарына ұшыраған өз әулетінің үлкендері туралы тұшымды танымдық мақала жариялады. Ол еңбегі 2022 жылы жарық көрген «Ел ырысы – нұрлы Нұра» атты кітапта және 2025 жылы «Шет шұғыласы» газетінде (24.04.2025, №16 (11161) жарияланды. Ықшам дүниеде елі үшін, ұрпағы үшін жан аямай еңбек еткен, қалай болғанда да ұлттың тектілігі, бекзаттығы үзіліп қалмаса екен деп тілеген көптеген жанкешті азаматтар туралы танымдық деректер келтірілген. Әйеш Көбенов жайлы баласы Нестайдың жүрекжарды сыры, сол құпияны тірілтіп, бүгіндері марқұмға ескерткіш белгі орнатқан Ғабидолла немересі, Елдостай шөбересінің еңбегіне разы боласың. Біле – білген жан бірер жайтқа айрықша ден қойғаны абзал: ол – сол тұста аласапыран уақыттың кімнің кім екенін анықтап бергені. Мақалада есімдері аталған барлық жандарды тізіп шығу міндет те емес, шарт та емес, іздеген адам болса, дереккөздерді жоғарыда келтірдік, айтпағымыз: иісі халқы үшін, ұрпақ үшін, болашақ үрім-бұтақ үшін небір қиын-қыстау кезеңде мойымай еңбек еткен сол Әйеш, Қасқатай (екеуі бір шаруашылықта еңбек еткен) ақсақалдар кейбір белсенділердің көрсетуімен сотталған. Әйеш Көбенұлы еті тірі, еңбекқор, іскер жан ретінде Шет өңірінде алғаш мойынсерік («Артель» деп те атаған кездер болған) құрған. Алапат аштық кезінде, Қарағанды-Балқаш арасында кіре тартқандарға қызмет көрсетіп, аттасы, әулет жақындарын аман алып қалған. Небір аштық жайлаған өңірді, өлген адамдарды көріп, колхоз басқарған тұсында мол өнім өндіргені үшін Алматыға алқалы басқосуға ұшақпен Сталин атындағы колхоз басшысы Уәли Басшов екеуі бастаған, сый-сияпат көріп, орденмен марапатталған. 1937 жылы «халық жауы» деген жалған айыппен ұсталып, атылған. Демек, мақала авторы нақақ жазаланғандарға, алапат трагедияға ұшыраған бейкүнә азаматтарға өлмес ескерткіш орнатты. Шіркін-ай, сол кезеңдегі қан құйлы жүйенің құрбаны болған жандар, олардың жерленген мекені, т.б. әлі де толық анықталмай жатқанын ойлағанда жаның түршігеді. Жасырудың қажеті жоқ, небір жампоз, әйгілі жандар, жазықсыз құрбан болғандарды анықтау, табу белгілі бір орган тарапынан арнайы түрде жүргізілмегендіктен, олардың рухына тағзым етіп, мәңгілік мекендерін тауып алып, белгі қойып жүрген артында қалған ұрпақтары ғана… Ғабидолла Әйешов те ұлы Елдос екеуі бұл орайда қыруар шаруа тындырған. Нестай әкелерінен естіген мағлұматтарды саралап, іздеу салған. Сәті түскені болар, едәуір уақыт өткен соң Елдос Алматыдан Күмісай деген көріпкел адамды алдырады. Ол кісінің бойындағы қасиет неден туындады, қандай факторларға сүйенді, сараптамалық, тарихи-салыстыр­малық әдіс-тәсілдер, т.б. қалай жүзеге асты, ол жағына болжам жасауға біздің өреміз жете қоймас. Алайда, ол кісі тапқан жердің Нестай қария айтқан деректермен дәлме-дәл келгені күдікке орын қалдырмайды. Сонымен, бақиға аттанған жандарға арнайы белгі орнатылып, қоршау жасалып, ас беріліп, құран бағышталған. Әйеш ақсақал мен туысы К.Нүрпейісов­тің жатқан жері Спасск маңында. Күмісай сол жерде тағы да жиыр­ма жеті адамның жерленгенін айтып берген екен. Енді соларды табу керек. Сөйтіп жүргенде, мемлекеттік қаржыландырумен 2024 жылы Қарағандыдан «Қарағанды облысы аумағындағы саяси қуғын-сүргін (1920-1930 жж.)» атты кітап шықты. Аталған еңбекте 1937 жылы 28 қарашада арнайы қаулыға сәйкес атылған 21 адамның, сол жылы 31 желтоқсанда атылған 8 адамның тізімі берілген. Ол тізімді де жариялап отырмыз.

1. Сапаков Абеу, 1864 г.р., уроженец аула № 1 Шетского района, Карагандинской области, беспартийный, ранее судим в 1929 г. за невыполнение контрольных заданий по хлебозаготовке сроком на 5 лет;
2. Корпин Окие, 1867 г.р., уроженец аула № 1 Шетского района, Карагандинской области, беспартийный, грамотный, мулла, не судим;
3. Нурпеисов Касенбек, 1893 г.р., уроженец аула № 1 Шетского района, Карагандинской области, беспартийный, грамотный;
4. Кобенов Айеш, 1893 г.р., уроженец аула № 1 Шетского района, Карагандинской области, до ареста работал председателем сельхозартели им. Орджоникидзе, исключён из партии по этому делу;
5. Айкимбеков Саду, 1871 г.р., уроженец аула № 5 Шетского района, беспартийный, неграмотный, бай, ранее судим в 1931 г. сроком на 5 лет;
6. Баймурутов Ахметбек, 1881 г.р., уроженец аула № 5 Шетского района, неграмотный, в 1930 г. осуждён сроком на 5 лет;
7. Балбабеков Суюндик, 1910 г.р., уроженец аула № 5 Шетского района, малограмотный, ранее судим в 1931 г. сроком на 5 лет;
8. Бектасов Токабай, 1871 г.р., уроженец аула № 5 Шетского района, беспартийный, неграмотный, ранее судим в 1931 г. сроком на 5 лет;
9. Ахметов Саник, 1876 г.р., уроженец аула № 5 Шетского района, беспартийный, малограмотный, ранее судим;
10. Молдабеков Жанжал, 1887 г.р., уроженец аула № 5 Шетского района, беспартийный, неграмотный, ранее судим;
11. Алдаубаев Арен, 1900 г.р., уроженец аула № 5 Шетского района, беспартийный, малограмотный, ранее судим;
12. Жандыгулов Жунус, 1877 г.р., уроженец аула № 5 Шетского района, Карагандинской области, беспартийный, грамотный, мулла, не судим;
13. Кимбеков Сейткен, 1900 г.р., уроженец аула № 5 Шетского района, Карагандинской области, сын хаджи, грамотный, до ареста работал секретарем аульного совета № 5 Шетского р-на;
14. Дюсембаев Шакен, 1895 г.р., уроженец аула № 5 Шетского района, беспартийный, малограмотный, до ареста работал председателем колхоза Алгабас Шетского р-на, ранее не судим,
15. Жанбаев Шаке, 1874 г.р., уроженец аула № 7 Шетского района, беспартийный, неграмотный, середняк, ранее судим;
16. Ажибеков Базилбай, 1869 г.р., уроженец аула № 7 Шетского района, беспартийный, грамотный, мулла, не судим;
17. Аребеков Шока, 1867 г.р., уроженец аула № 7 Шетского района, беспартийный, неграмотный, ранее не судим;
18. Макимбаев Мади, 1867 г.р., уроженец аула № 7 Шетского района, беспартийный, грамотный, ранее не судим, бывший волостной управитель;
19. Бешкенов Мусатай, 1877 г.р., уроженец аула № 10 Шетского района, бай, в 1930 г. осуждён, срок наказания отбыл;
20. Омаров Тенесбай, 1893 г.р., уроженец аула № 3 Шетского района, малограмотный, в 1931 г. исключён из членов партии, до ареста работал председателем колхоза им. Ленина Шетского района;
21. Коскин Ахмед, 1895 г.р., уроженец аула № 3 Шетского района, грамотный, служащий, ранее не судим, до ареста заведовал районным торговым отделом Шетского района.
Мына тізімде көрсетілген жандардың жақындары, ұрпақтары болса, хабарласса екен дегенді айтпақпыз.
Міне, көріпкел адамның айт­қандары мұрағат деректерінен т­абылған тізім, негізінен, бір-бірінен алшақ емес. Оның үстіне Күмісайдың айтқаны Шеттің тумалары жайлы екен. Зұлмат жылдардың зардабы мол. Ол әлі де талай зерттеу мен ізденісті қажет етпек. Біз тек бір ғана айғаққа жүгініп, ортаға өз ойымызды салдық.

Мауен ХАМЗИН,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,
«Құрмет» орденнің иегері,
Ғабидолла ӘЙЕШ,
еңбек ардагері

Басқа материалдар

Back to top button