Ресми

Белсенді ұстаным берекеге бастайды

Халық пен билік арасындағы көпір ретінде өзекті мәселелер мен проблемаларды шешуге ықпал ететін облыстық мәслихаттың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына, облыстық мәслихаттың регламенті мен жыл сайынғы жұмыс жоспарына сәйкес. Биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты облыстық мәслихаттың отырыстарының дені Zoom Cloud Meetings бағдарламасының көмегімен бейнеконференция режимінде өтті. Облыс әкімдігімен, мемлекеттік органдармен және саяси партиялармен тығыз байланыста жұмыс жасайтын облыстық мәслихат депуттары қоғамдық кеңес құрамында, консультативтік-кеңесші органдарда ойларын ашық білдіріп, тиісті нәтижелерге қол жеткізуде ықпал еткенін айту керек. Сәйкесінше, депутаттық корпус белсенді өмірлік ұстанымы, кәсібилігі арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты.

Сессия – маңызды шешімдер таразысы

2022 жылдың басынан өнеркәсіп, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, шағын және орта бизнес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, агроөнеркәсіптік кешен өкілдері ретінде 38 депутат өз өкілеттіктерін жүзеге асырды. Сондай-ақ, AMANAT, «Aq Jol», «Ауыл» және Қазақстан Халық партияларының депутаттық фракциялары құрылғанын да айту керек.

Облыстардың бөлінуіне байланысты Қазақстан Республикасында облыстық мәслихат депутаттарының санында өзгерістер болғаны белгілі. Сәйкесінше, 2022 жылғы маусымнан облыстық мәслихатта 26 депутат бар. Функциларын қоғамдық негізде жүзеге асыратын депуттардың барлығында негізгі жұмыс орны бар екенін де атап айтқым келеді.

Сессия – облыстық мәслихат қызметінің негізгі нысаны. Яғни, әр сессия алдын ала жоспарланып, регламентке сай өткізіледі. Мәселен, 2022 жылы облыстық мәслихат депутаттары 11 сессия өткізді. Оның 4-і кезекті түрде өтсе, 7-і – кезектен тыс. Сессия нәтижесінде 125 шешім қабылданды десек, оның 22-і әділет органдарында тіркелетін нормативтік құқықтық сипатта.

Есепті кезеңде сессия отырыстарында облыстық мәслихаттың шешімдерін орындау, 2021 жылғы тұрақты комиссиялардың есебі, 2021 жылға арналған бюджеттің атқарылуы мәселелері, одан бөлек, облыстың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру, жер рестурстарын ұтымды пайдалану туралы есеп қаралып, шешімдер қабылданған. Көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер де депутаттар назарынан тыс қалған емес. Облыс әкімі де өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалысы туралы депуттар алдында есеп беретінін айту керек.

Облыстық мәслихат биылғы жылдың 8 желтоқсанында өтетін кезекті сессиясында облыс үшін өзекті мәселелерді қарауды жоспарлап отыр. Яғни, 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетпен қатар, облыстық мәслихат хатшысы 2022 жылы атқарған жұмыстардың есебін береді. Сондай-ақ, 2022 жылы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуы да осы сессия барысында қаралмақ.

Одан бөлек, жергілікті атқарушы органдардың ұсынысымен жыл бойы облыс аумағындағы шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері бойынша ұсыныстар, Қоғамдық кеңес құрамы, облыстың көлік инфрақұрылымын дамыту жоспары, аймақ бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метріне төленетін ақы мөлшері қаралып, бекітілді.

2022 жылғы сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлытау облысын құру туралы бастамасы қолдау тапты. Үкіметке Қарағанды облысының шекараларын өзгерту туралы ұсыныстар енгізілуіне байланысты, маусымда облыстық мәслихат қайта ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, жыл ішінде облыстың жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларына және облыстың қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларына, Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі №84 «Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (селолық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне, облыстың жеке әріптестік, консультативтік-кеңесші органдарының жеке құрамдарына өзгерістер енгізілді. Одан бөлек, облыстық бюджетті нақтылау мәселелері бойынша кезектен тыс төрт сессия өткізілді. Барлық нақтылаулар, ең алдымен үнемдеуден түскен қаржыны қайта бөлумен және облыстардың бөлінуіне байланысты өңірді дамытудың кезек күттірмейтін мәселелерін шешуге бағытталды.

Қарағанды облыстық мәслихатының депуттары сессияға тыңғылықты дайындалып, жұмысына белсенді қатысты. Жоспарлы мәселелерді талқылау кезінде депутаттар қаралатын мәселе бойынша өз ойларын білдіріп, соңында қорытынды беру тұрақты тәжірибеге енді.

Тұрақты комиссиялардың тұрлаулы шешімі

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға сәйкес, мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар құрып, олардың төрағалары мен мүшелері депутаттар арасынан сайланады.

Сессияның күн тәртібі бойынша тұрақты комиссиялар жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныстар енгізуге, олардың қарауына жатқызылған мәселелер бойынша қорытындылар беруге құқылы. Тұрақты комиссиялардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша қаулылар қабылданады.

Қарағанды облыстық мәслихатында бес тұрақты комиссия құрылған. Оның біріншісі – Бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту комиссиясы. Төрағасы депутат К.Біржанов. Екіншісі – депутат К.Оспанова төрағалық ететін Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау комиссиясы.

Өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы депутат С.Әдекенов. Ал, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі комиссия төрағасы депутат Т.Өтеубаев. Бесінші тұрақты комиссияға төрағалық ететін депутат Ж.Штергер. Аталған комиссия депутаттық өкілеттіктер, этика, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелерін қарайды.

Облыстық мәслихаттың бейінді тұрақты комиссияларының өткен кезеңдегі қызметі туралы толық есептерді олардың төрағалары 2023 жылдың басында кезекті сессияда ұсынатын болады.

Әлеуметтік маңызы бар мәселелер үкіметтік емес ұйымдардың, даму институттарының, облыстың қала және аудан әкімдіктерінің, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілдерінің қатысуымен тұрақты комиссиялардың отырыстарында қаралды. Биыл бейінді тұрақты комиссиялардың отырыстары кеңейтілген форматта өткенін және оларға басқа комиссиялардың депутаттары да қатысқанын айту керек.

Есепті жылы тұрақты комиссиялардың 43 отырысында 95 түрлі мәселе қаралды. Олардың қорытындысы бойынша 203 ұсыным қабылданып, 129-ы іс жүзінде орындалды. Ал, қалған 74 ұсыным мемлекеттік органдарға жіберіліп, орындалысы күтілуде. Тұрақты комиссиялардың ұсынымдарын іске асыру мәселесі мүдделі тараптардың қатысуымен өтетін отырыстарда ұдайы қаларып, бейінді комиссия төрағаларының тұрақты бақылауында.

Есепті кезеңде бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның 7 отырысында 16 мәселе қаралды. Нәтижесінде, 18 ұсыныс қабылданып, оның 10-ы орындалды. Ал, 8 ұсыныс мемлекеттік органдарда жіберілген. Оның орындалу нәтижесі үнемі назарда болады.

Комиссия отырыстарында қаралған маңызды мәселелердің бірі – облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі болды. Жыл бойы бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қ.Біржанов облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қорытындылар беріп, қосымша баяндамалар ұсынды.

2022 жылы облыстық бюджет 4 рет нақтыланғанын айту керек. Оған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, әлеуметтік сала, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту; табиғат қорғау іс-шаралары; облыс жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу; облыс аумағында қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар; ақпараттық технологияларды дамыту саласындағы іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты мәселелер негіз болды. Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде тұрғын үй, инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілер салу, газ құбырын тарту, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жөніндегі іс-шараларды іске асыру да бар.

Тұрақты комиссияның бейіндік отырыстарында жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайту мәселелері де қаралды. Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің қосымша мүмкіндіктері күшейтілуіне байланысты ауыл бюджетіне салықтық және басқа да салықтық емес түсімдердің 13 түрі берілді. Бюджет қаражаты есебінен 19 бағыт бойынша жергілікті өзін-өзі басқару шығыстары қаржыландырылады. Барлық ауылдық елді мекендердің бюджеттері субвенциялық болып табылады. Жүргізілген талдау бюджеттің төртінші деңгейінің шығыстары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, жолдарды жарықтандыруға, күтіп-ұстауға және жөндеуге, басқару аппараттарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, мәдени-демалыс, спорттық іс-шараларды, әлеуметтік саланы және басқаларды қамтамасыз етуге бағытталғанын көрсетті.

Бүгінде жобаны талқылау және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңын қабылдау процесі жүруде. Оған аудандық атқарушы және өкілді органдардың 50-ге жуық құзыреттері мен функцияларын жергілікті өзін-өзі басқару органдарының деңгейіне беруді көздеу ұсынылады. Депутат К.Біржанов осы Заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі екенін де айту керек.

Бейіндік комиссияның отырысында облыстық тексеру комиссиясы есепті кезеңде өткізген бағалау бойынша Қарағанды облысының даму бағдарламасын іске асыру туралы Мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органның есебі тыңдалды және қабылданды.

Депутаттық корпус өңдеуші өнеркәсіпті әртараптандыруды ынталандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау, денсаулық сақтау жүйесін дамыту және халықтың денсаулық жағдайын жақсарту, халықты сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламалық құжаттың нысаналы индикаторлары мен мақсаттарына толық қол жеткізбеу мәселелеріне жіті назар аударды.

Өңірде мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мақсатында облыстың бейінді басқармасының ұсынысы бойынша тұрақты комиссия отырыстарында және облыстық мәслихат сессияларында аталған әріптестіктің жобалар тізбесін өзгерту мәселесі қаралды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті іске асыру шеңберінде 13 млрд.964 млн. теңгеге 55 шартқа қол қойылды. Аталған жобалардың барлығына жеке қаржы жұмсалады және мемлекеттік міндеттемелерді қамтымайды.

2026 жылға дейінгі «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасы да қаралды. 2022 жылға әлеуметтік-мәдени, денсаулық сақтау, спорттық және білім беруді дамыту және көлік инфрақұрылымына ұсынылған 47 жобаны ескере отырып, қаржыландыруға 20 тірек және 6 спутниктік ауылдық елді мекен енгізілді. Сондай-ақ, ауылдық жерлердегі халықтың дамуы үшін әлеуметтік маңызы бар нысандарға және жолдарды жөндеуге баса назар аударылды.

Тұрақты комиссия мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарды да қарайтынын естеріңізге саламыз. Мәселен, 2022 жылы облыс бойынша 1871 конкурс (аукцион) өткізу жоспарланған болатын. Осы орайда депутаттар ірі кәсіпорындардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін арттыруға назар аударды.

Салық салынатын базаны кеңейту мәселесін қарау шеңберінде депутаттық корпус Мемлекеттік кірістер департаменті мен қаржы басқармасы басшыларының есептерін тыңдады. Депутаттар қала және аудан әкімдіктері салық салынатын базаны кеңейту және жергілікті кәсіпкерлерді қолдау жұмыстарына салғырт қарайтындықтарын атап өтті. Комиссия отырысынан кейін салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға және облыс бюджетінің кірісін ұлғайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

Жыл бойы отырыстарда түрлі салалардағы аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері қаралды. Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы мүшелерінің баяндамалары, жергілікті атқарушы органдар басшыларының Бюджет және өзге де заңнамаларын бұзушылықтарды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар мен іс-шаралар жоспарының есептері тыңдалды.

Тұрақты комиссияның отырыстарын өткізу қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдарға жіберілген заң бұзушылықтардың себептерін егжей-тегжейлі талдау және оларды одан әрі болдырмау үшін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық іс-шараларының нәтижелерін пайдалану қажеттілігі туралы ұсынымдар енгізілді.

Есепті кезеңде әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның 11 отырысында 24 мәселе қаралды. Олардың қорытындысы бойынша 38 ұсыныс қабыланып, 22-сі орындалды, ал, қалған 16-ы – мемлекеттік органдардың орындауында.

Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссия облыстағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселесін жоспарлы түрде қарады. Аталған қызметтерді көрсетудің жай-күйін зерделеу мақсатында облыстық мәслихат хатшысының өкімімен уақытша жұмыс комиссиясы мен жұмыс топтары құрылып, облыс аудандары мен қалаларын аралады. Ал, қорытындысы жұмыс комиссиясының, бейіндік комиссияның кеңейтілген отырыстарында және облыстық басқармалардың, қалалар мен аудандар әкімдіктері өкілдерінің, қалалық және аудандық мәслихаттар хатшылары қатысқан комиссияның бірлескен отырысында егжей-тегжейлі қаралды.

Депутаттар денсаулық сақтау жүйесіндегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудегі кемшіліктерді және білім беру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар жүйесінде проблемалық мәселелердің бар екенін анықтады.

Сессияда тиісті іс-шаралар жоспарын әзірлеу және материалдық-техникалық базаны нығайтуға, облыстағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін денсаулық сақтау нысандарында тамақтануды қамтамасыз етуге арналған шығыстарды қаржыландыру мәселелері бойынша таяу перспективаға нақты ұсыныстар енгізу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, бастапқы сатыдағы балаларға арналған паллиативтік көмек орталықтарын ашу мәселелері бойынша балалар санаторийлерін қаржыландыру тәсілдерін қайта қарау, Қарағанды қаласындағы облыстық балалар санаторийі мен «Үміт» оңалту орталығының емдеу корпусына күрделі жөндеуді жалғастыруға және аумағын абаттандыруға қаражат бөлу мүмкіндігі қарастырылды. Теміртау және Балқаш қалаларындағы облыстық балалар санаторийі филиалдарының ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге қаражат бөлу мәселі де қаралды.

Арнаулы білім беру ұйымдарының желісін кеңейту, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін білім беру нысандарын тар бейінді мамандармен қамтамасыз ету жоспарын әзірлеу мәселесі көтерілді. Әлеуметтік қорғау басқармасы шеңберінде «Қарағанды облысының «Белсенді ұзақ өмір сүру» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына мобильділігі төмен қызмет алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін сыртқы шахта көтергішін орнатуға және аумақты абаттандыруға қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.

Тұрақты комиссия отырысында коронавируспен сырқаттану жағдайы туралы, облыстағы эпидемиологиялық жағдай және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қабылдайтын шаралар, салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлігінде денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бойынша өңірлік Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің қызметі, NEET жастарды жұмыспен қамту, Ел Президентінің жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету жөніндегі тапсырмалары шеңберінде қабылданып жатқан шаралар, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды жүргізу шаралары қаралды. Одан бөлек, сапалы және тиімді білім беруді ұйымдастыру, мектептер мен колледждердегі патриоттық тәрбие, денсаулықты сақтау және нығайту үшін жағдай жасау да назардан тыс қалған жоқ.

Балалардың жазғы демалысының жай-күйі мен ұйымдастырылуы, обыстағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, тарихи және мәдени мұраны сақтау, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дамытуға жәрдемдесу бойынша өткізілетін іс-шаралардың сапасы мен тиімділігі де тұрақты комиссияның назарында.

Азаматтық қоғамның, ҮЕҰ-ның, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне қатысуы, мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор ұйымдарында қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің үкіметтік емес сектормен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылы, жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде ауылдағы қосымша білім беру мен бұқаралық спорттың жай-күйі мен дамуы да тұрақты комиссяның отырыстарында қаралды. Бұл комиссия қараған жұмыстардың бір парасы ғана. Әлеуметтің әлеуетін арттырып, тиісті нәтижелерге қол жеткізудегі тұрақты комиссияның жұмысы өз нәтижесін беруде. Мәселен, қалалар мен ауылдық елді мекендердегі балалар аула клубтары мен спорт алаңдары жұмысы, құқық бұзушылықтардың, балалар мен жастар қылмыстарының алдын алуды ұйымдастырудан тыс қалған емес. Тіпті, діни экстремизмнің алдын алу үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, облыста волонтерлік қызметті дамыту және қолдау шараларын да қарастырады. Одан бөлек, 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде бюджет жобасын қарау туралы комиссия отырысы өтті.

NEET жастардың қатысуымен қоғамдық тыңдауда қарастырылған өзекті мәселенің бірі – NEET жастарды жұмысқа орналастыру және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету жөніндегі тапсырмалары шеңберінде қабылданатын шаралар.

Сапалы және тиімді білім беруді ұйымдастыру мәселелері, мектептер мен колледждерде патриоттық тәрбие беру, денсаулықты сақтау және нығайту үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ балалардың жай-күйі мен жазғы демалысын ұйымдастыру депутаттардың тұрақты бақылауында. Істердің жай-күйін депуттар арнайы зерттегенін айту керек. Ол үшін ауылдық аудандар мен қалаларға, сондай-ақ «Алау» және «Жас қанат» жазғы лагерьлеріне барып, осы мекемелердің басшыларымен және мұғалімдерімен, оқушылардың ата-аналарымен кездесті. Проблемалық мәселелер қарастырылып, бюджетті нақтылау кезінде шешілді.

Сондай-ақ, облыс тұрғындары көтерген өзге де мәселелер қаралды. Олар жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде ауылдағы қосымша білім беру мен бұқаралық спорттың жай-күйі мен дамуы, қала және ауылдық елді мекендердегі балалар аула клубтары мен спорт алаңдары жұмысының тиімділігі, облыстағы құқық бұзушылықтардың, балалар мен жастар қылмыстарының алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, волонтерлік қызметті дамыту және қолдау шаралары тәрізді мәселелер.

Тұрақты комиссия депутаттары мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдарының қатысуымен халықтың тыныс-тіршілігінің өзекті әлеуметтік маңызды мәселелерін, азаматтардың өтініштерін қарауға бастама көтеріп келеді. Одан бөлек, мәслихаттың жұмысы, тұрақты комиссияның қызметі, сондай-ақ, әр депутаттың қызмет барысы туралы хабардар ету үшін сайлаушылармен кездеседі. Комиссияның қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланды.

Өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есепті кезеңінде 2022 жылы атқарылған жұмыс туралы 7 отырыс өткізіліп, 15 мәселе қаралды. Қорытындысы бойынша 28 ұсыныс қабылданды, олардың 20-сы іс жүзінде орындалды, 8 ұсыныс мемлекеттік органдарда.

Тұрақты комиссияның бейіндік отырыстарында облыстағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау және дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдау және тұрақтандыру қорының қызметі бойынша қабылданып жатқан шаралар, облыста «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру, арнайы экономикалық аймақты және инновацияларды дамыту бойынша өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жүргізіп жатқан жұмысы, облыстың 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру туралы есебі, облыстың туризм инфрақұрылымын дамыт, жер ресурстарын ұтымды пайдалану, жеңіл өнеркәсіптің, құрылыс материалдары өндірісінің, машина жасаудың жай-күйі мен даму перспективалары қаралды.

Есепті кезеңде Қарағанды облыстық мәслихатының құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағалығымен 9 отырыс өткізіліп, онда 25 мәселе қаралды. Олардың қорытындысы бойынша 95 ұсыныс қабылданды, оның 67-сі іс жүзінде орындалды, мемлекеттік органдарда 28 ұсыныс орындауда.

Тұрақты комиссияның бейіндік отырыстарында келесі мәселелер қаралғанын айту керек:

– Қарағанды облысын дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған «Қолжетімді тұрғын үй және сапалы сенімді инфрақұрылым» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар;

– Қарағанды облысын цифрландыру мәселелері бойынша Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіру және үйлестіру;

– Құрылыс саласы кәсіпорындарының жай-күйі мен даму перспективалары туралы;

– «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ жұмысы;

– Қарағанды облысында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы;

– Қарағанды қаласының шет аймақтарын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар;

– Қарағанды облысында су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиоративтік жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар;

– Қарағанды облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру туралы есеп;

– Облыстың қалалары мен аудандарында көшелерді жарықтандыруды жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар;

– Қарағанды облысында қоғамдық жолаушылар көлігінің жай-күйі мен даму перспективалары;

– Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының есебі;

– Басқармаға жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының есебі;

– Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысының департаментке жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;

– Қарағанды облысында су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиоративтік жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар.

Есепті кезеңде депутаттық өкілеттік, әдеп, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия 9 отырыс өткізіп, онда 14 мәселе қаралды. Олардың қорытындысы бойынша 24 ұсыныс қабылданды, оның 10-ы іс жүзінде орындалды, мемлекеттік органдарда 14 ұсыныс орындауда.

Тұрақты комиссияның отырыстарында қаралған негізгі мәселелер:

– Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі Қарағанды облысының кешенді іс-шаралар жоспарын орындау;

– Мемлекеттік органдардың 2020-2021 жылдары жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексеру іс-шараларын тағайындау тәжірибесі;

– Қарағанды облысында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету;

– Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою;

– Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі жұмыс;

– Қарағанды облысының мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу сапасына мониторинг жүргізу;

– Шомылу маусымы кезеңінде Қарағанды облысында жалпы су пайдалану ережелерін сақтау;

– Қарағанды облысының аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету ережелері;

– Қарағанды облысының аумағында жануарларды аулау, уақытша ұстау және өлтіру ережелері;

– Қарағанды облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша ювеналды әділет инспекторларының жұмысы;.

– Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс.

Бейінді тұрақты комиссиялардың отырыстарында қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды және олардың орындалуына мониторинг жүргізіледі.

Тұрақтылық төрттағаны немесе фракциялар жұмысы туралы

Биыл Amanat партиясы фракциясының Қарағанды облыстық мәслихатындағы қызметінің негізгі мәселесі (фракция басшысы – депутат К.Оспанова) партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалу барысын бақылау болды.

Фракция депутаттары фракцияның 10 жиналысын өткізді, 102 ұсыныммен 25 қаулы қабылданды, оның 84-і орындалды (85%), қалған 18-і ұзақ мерзімді бақылауда.

«ҚХП» партиясы фракциясының депутаттары 2022 жылғы 1 желтоқсанда фракцияның 5 жиналысын өткізді, 21 ұсыныммен 9 қаулы қабылданды, оның 14-і орындалды (66,6%), қалған 7-і ұзақмерзімді бақылауда.

«Ауыл» партиясы фракциясының депутаттары 2022 жылғы 1 желтоқсанда фракцияның 4 жиналысын өткізді, 10 ұсыныммен 4 қаулы қабылданды, оның 4-і орындалды (40%), қалған 6-ы ұзақ мерзімді бақылауда.

Жыл бойы «Ақ Жол»  партиясы фракциясының депутаттары заңнаманы жетілдіруге, әкімшілік кедергілерді азайтуға және қолайлы бизнес ортаны құруға бағытталған кәсіпкерлерді қолдау және ШОБ дамыту жөніндегі мәселелерді қарауға бастама жасады.

Мәслихаттағы саяси партиялардың төрт фракциясы өңірдегі тұрақтылықтың төрттағанына айналған.

 

«Кеңесіп пішкен тон келте болмас»

Бұдан басқа, облыстық мәслихат депутаттарының «Сұрақтар-бастамалар пулын» іске асыру бойынша жұмыстары жалғасуда.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға 2020-2022, 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру кезінде депутаттардың, оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, орта және техникалық және кәсіптік білім беруді, автомобиль жолдарын дамыту, ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету, экологиялық қауіпсіздік және т.б. салалардағы бірқатар ұсыныс, бастамалары енгізілді.

Депутаттық корпустың бақылауында өңірді дамытудың неғұрлым өзекті мәселелері бойынша 65 бастаманы (мәселелерді) іске асыру жалғасуда. Осы жыл ішінде 2022-2024 жылдарға арналған бюджетте қаражат көзделген 33 бастама шешімін тапты, 9 бастама ұзақ мерзімді перспективада шешуді талап етеді (23 бастама бойынша түсініктемелер берілді).

Биыл 2023-2025 жылдарға арналған үш жылдық бюджетті қарау қорытындысында депутаттық корпустың тұрақты бақылауында болатын тағы 68 мәселе көтерілді.

Қоғамдық кеңес – сенімді серіктес

Депутаттық корпус облыстың қоғамдық кеңесімен тығыз қарым-қатынаста. Яғни, қоғамдық кеңес мүшелері облыстық мәслихаттың барлық сессияларына міндетті түрде қатысады.

Облыстық мәслихаттың облыс тұрғындарымен өзара іс-қимылындағы басты басымдық – облыстық бюджет туралы шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде Қоғамдық кеңес пікірін есепке алу, сондай-ақ, өңірде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру кезінде қоғамдық бақылау жүргізу. Облыстық мәслихат Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырумен де айналысатынын айту керек.

БАҚ-пен байланыс – тұрақты

Облыстық мәслихат депутаттарының қызметі жайлы тұрғындарға нақты ақпарат ұсынуды жақсарту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жыл сайын облыстық газеттер, телеарналармен бірлесіп, медиа-жоспар әзірленеді.

Ай сайын облыстық мәслихат депуттары облыстық телеарна бағдарламаларына қатысады. Олар тікелей эфирде өтетін ARQA LIVE, Уақыт.KZ. Сондай-ақ, «Главная студия», «Ойталқы», «Прошу слова», «ARQA news» телевизиялық жобалары да бар. Ал, 2022 жылы С.Өтешов, Қ.Оспанова, С.Әдекенов, К.Біржанов, К.Өтеубаев, Ж.Штергер, М.Әбілов, Е.Әбілдин, А.Әлімбаева, Ю.Бадина, Б.Досжанов, Г.Дүйсенбаев, М.Махатчина О.Нұрқазов, А.Тукбаева, А.Тұрмұхамбетова, М.Шиллер және тағы басқалары проблемалармен қатар, олардың шешу жолдарын да көрсету арқылы қызметтері туралы ақпарат берген 40-тан аса ақпараттық және аналитикалық телехабарларға қатысты.

Облыстық мәслихаттың қызметі туралы ақпарат мерзімді баспасөзде, телеарналарда жарияланады. «Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда» газеттері өкілді органдар мен олардың комиссияларының қызметі туралы мақалалар мен жазбаларды тұрақты жариялап отырады.

Биыл өткізілген сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстары; Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасын орындау; ауылдық өңірлерде сапалы сумен жабдықтауды қалпына келтіру; шағын және орта бизнесті қолдау; МЖС бағдарламасын іске асыру; балаларға паллиативтік көмек көрсету; экологиялық қауіпсіздік; халықты жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қорғау; мектепке дейінгі тәрбиені, орта және жоғары білім беруді дамыту; ауылдық кітапханалардың жай-күйі мен дамуы; Өңірді дамыту бағдарламасын іске асыру; жер ресурстарын ұтымды пайдалану; азық-түлік бағасын тежеу; азаматтық қоғаммен жұмыс; AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру; NEET-жастарды жұмыспен қамту; балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету; қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау; облыстық бюджетті бекіту, қоршаған орта жоспарына және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне өзгерістер енгізу; қосымша білім беру саласын кеңейту; аулаларды абаттандыру, облыс орталығындағы тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеу; өңірдегі бұқаралық спортты, автомобиль жолдарын, тұрғын үй құрылысын дамытудың жай-күйі мен перспективалары; партиялық жобаларды іске асыру; жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету; жастар саясатын іске асыру; цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар; емдеу-сауықтыру лагерлерінің жұмысын жандандыру және тағы басқалары туралы туралы 100 (102) астам материал өңірлік БАҚ-та жарияланды.

Депутаттар Facebook, Instagram-дағы жеке парақшаларында жоғарыда аталған мәселелер бойынша материалдарды әлеуметтік желілерде де жариялайды. Бұдан басқа, қызмет нәтижелері туралы ақпарат, сайлаушылармен кездесулердің қорытындылары, азаматтарды жеке қабылдау, сессия мәселелерін қарау шеңберінде жұмыс комиссияларының жұмыс нәтижелері жарияланады. Сондай-ақ, AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы шеңберінде де материалдар жарияланады. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары әлеуметтік желіні белсенді пайдаланады.

Одан бөлек, Facebook әлеуметтік желісінде «Облыстық мәслихат – Қарағанды облысы» аккаунты жұмыс істейді. Аккаунт депуттардың біріктіру үшін құрылған. Парақшада депутаттық қызмет туралы материалдар салынады. Сондай-ақ, аталған әлеуметтік желіде Қарағанды облыстық мәслихатының ресми жұмыс парақшасы бар. Онда өткізілген кезектен тыс және кезекті сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстары туралы баспасөз релиздері орналастырылады.

Өңірлік SARYARQA телеарнасында Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы С.Өтешов қатысқан 15 ақпараттық сюжет пен телебағдарлама көрсетілді. Мәслихат хатшысының Facebook әлеуметтік желісінде (Серік ӨТЕШОВ) парақшасы бар. Бұл жерде облыстық мәслихат депуттарының облыс тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау үшін мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысы туралы авторлық посттар орналастырылады.

Облыстық «Орталық Қазақстан» және «Индустриальная Караганда» газеттерінде облыстық мәслихат хатшысының мәслихат қарайтын мәселелердің спектрі, тұрақты комиссиялардың жұмысы; уәкілетті мемлекеттік органдардың атына депутаттық сауалдар мен өтініштер, азаматтарды жеке қабылдаулар, депутаттық күндер; өңір бюджетінің атқарылуы; Қарағанды облысының даму жоспарын іске асыру және облыстық мәслихаттың басқа да мәселелері туралы мақалалары жарық көрді.

Өкілді биліктің қызметі туралы халықтың толық хабардар болуын қамтамасыз ету, депутаттық корпуспен интерактивті қарым-қатынас жасау мүмкіндігін іске асыру мақсатында мәслихат сайты жұмыс істейді. Ресми сайтта облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қызметі, облыстық мәслихаттың кезектен тыс және кезекті сессияларында көтерілетін мәселелер туралы және т. б. мақалалар жарияланады.

 

Әр өтініш жауапсыз қалмайды

Депутаттардың сайлаушылармен жұмысы онлайн режимде де жалғасты, Атап айтқанда, азаматтардың өтініштері қаралады, өз құзыреті аясында көтерілетін мәселелерді шешуге жәрдем көрсетіледі, ресми сұраныстар мен өтініштерді жіберу арқылы мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізіледі.

Есепті кезеңде деректерге сәйкес 422 өтініш қаралып, 314 сұраныс пен жіберілген. Олардың дені оң шешімін тапты. Одан бөлек, сайлаушылармен 474 кездесу өткізіліп, жеке қабылдаулар жүргізілді. Оның ішінде 494 азамат онлайн қабылданды. 10 депутат күні өткізілді.

Сайлаушылар көтерген негізгі мәселелер автомобиль жолдарын жөндеу, экологияны жақсарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және көлік қызметтерінің сапасын арттыру, білім беру, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қорғау, медициналық көмек, коммуналдық мәселелер блогына қатысты болды.

Сайлаушылармен қарым-қатынас практикасы азаматтарды және облыстық мәслихат хатшысын, оның ішінде Amanat партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке қабылдауды да қамтиды. Биыл мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен 6 жеке қабылдауда 14 өтініш білдірген азаматтың проблемалары зерделенді, 7 азаматқа көмек көрсетілді, 5 мәселе бақылауда, 2 мәселе бойынша тиісті түсініктемелер берілді.

Аппаратта да ауқым жұмыс бар

Облыстық мәслихат аппараты депутаттық корпустың қызметіне ақпараттық-талдамалық, құқықтық және ұйымдастырушылық жұмыстар бойынша қамтамасыз ететін 8 мемлекеттік қызметшіден тұрады (оның ішінде 1 бос орын, 1-і декреттік демалыста).

2022 жылдан «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға енгізілген өзгерістерді ескере отырып, мәслихаттардың мәртебесі мен өкілеттігін арттыру бөлігінде тұрақты негізде жұмыс істейтін тұрақты комиссиялардың 2 төрағасы лауазымдары енгізілді.

Жыл бойы мәслихат аппараты тұрақты комиссиялар мен сессиялардың отырыстарын өткізудің 125 мәселесі бойынша ақпараттық материалдар мен талдамалық анықтамалар дайындады. Келіп түскен 1129 хат қаралып, түрлі мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға 716 сауал мен жауап дайындалып, жолданды. Сондай-ақ, облыстық мәслихат сессияларында қабылдауға ұсынылатын 22 Нормативтік-құқықтық актілер жобасы бойынша қорытындылардың жобалары қаралып, дайындалды.

Өткен жылы облыстық мәслихат аппаратына заңды және жеке тұлғалардан 83 өтініш келіп түсті, оның ішінде азаматтардың 12 өтініші қанағаттандырылды, 8 сұрау салу бойынша түсініктемелер берілді және 63 өтініш ведомстволық бағыныстылығы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға жіберілді.

Жалпы, облыстық мәслихат аппараты депутаттарды сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстарына қажетті материалдармен уақытында қамтамасыз етудің тиісті шараларды қабылдады. Бұл ретте ақпараттық технологиялар мен интернеттің мүмкіндіктері белсенді пайдаланылады.

Өңірдің тыныс-тіршілігін мәслихаттың сапалы нормативтік құқықтық актілерімен қамтамасыз ету, олардың уақытылы және толық қолданылуын бақылау облыстық мәслихаттың басты міндеттерінің бірі.

Депутаттық корпус өз қызметін тұрғындардың мүдделерін ескере отырып және облыс тұрғындарымен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырады.

Жоспарымызда облыс жұртшылығымен және үкіметтік емес секторымен диалог және өзара іс-қимыл тәжірибесін жалғастыру. Жалпы, халықпен, сайлаушылармен тығыз байланыс орнату депутат жұмысының көрсеткіші және қоғамдық дамудың, азаматтық қоғамның жетілуінің және халық арасындағы оң бастаманың көрінісі.

Бұдан басқа, Қарағанды облыстық мәслихаты азаматтар үшін ақпарат алмасудың заманауи және ыңғайлы нысандарын пайдалана отырып, облыстық өкілді органның қызметін ақпараттық тұрғыда жария етуді одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

Қызмет нәтижелері бүгінгі күні мәслихаттың саяси және әлеуметтік шешімдерді қабылдауға не өзгертуге нақты әсер ете алатын қоғамдық өмірдің пәрменді құрамдас бөлігіне айналғанын растайды. Атқарушы билік органдарының кез-келген шешімі, өңірді дамыту бағдарламалары тиісті мәслихат комиссияларында егжей-тегжейлі пысықталып, талқыланатынын айту керек. Аталған жергілікті өзін-өзі басқару азаматтардың әлеуметтік белсенділігі арқылы жергілікті жердегі маңызы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, олардың белсенділігін ынталандырылып, шешімдерге нақты қатысуын қамтамасыз етеді.

Облыстық өкілді орган қызметін одан әрі жақсартып және жетілдіре береді. Атқарушы органдармен, қалалық және аудандық мәслихаттармен, қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен өзара іс-қимылды нығайтып, облыс халқының игілігі үшін жемісті еңбек етеді.

Облыстық мәслихат депутаттары халық алдындағы борыштары мен міндеттерін түсінетініне, сайлаушылары алдындағы жауапкершілікті толық сезінетіндіктеріне сенімдімін.

Серік ӨТЕШОВ,

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button