Жаңалықтар
«Сарыарқа» «Горняктан» басым түсті
Қарағандылық «Сарыарқа» Қазақстан хоккей чемпионатының кезекті турында өз алаңында Рудныйдың «Горняк» командасын 3:2 есебімен жеңді.

Кездесуде есепті 5-минутта қонақтар ашты. Алайда арада екі минут өткенде Кирилл Пономарёв таразы басын теңестірді. Екінші кезеңде Артём Лихотников екі шайба соғып, қарағандылықтарды алға шығарды. Алдымен 28-минутта көзге түскен хоккейші 37-минутта дубль авторы атанды.
Үшінші кезеңнің 57-минутында Валерий Гурин «Горняктың» есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен «Сарыарқа» ойын соңына дейін басымдығын сақтап, жеңіске жетті.
Осы нәтижеден кейін қарағандылықтардың еншісінде 31 ұпай бар. Команда турнир кестесінде үшінші орында тұр. Ал «Горняк» 27 ұпаймен бесінші сатыға жайғасты.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



