Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт
Қарағандылық Диас Кенжебек Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қарағандылық пара жүзуші Диас Кенжебек алтын медаль жеңіп алып, Азия рекордын жаңартты.

Ерлер арасында S10 санаты бойынша 100 метрге шалқалай жүзуден өткен финалда Диас Кенжебек 1 минут 1,98 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетті. Осылайша ол Азияның бұған дейінгі 1 минут 3,73 секундтық рекордын жаңартты.
Сондай-ақ бүгін, 20 қазанда спортшы SM10 санатында 200 метрге кешенді жүзуден 2 минут 21,61 секунд нәтиже көрсетіп, күміс медаль иеленді.
Бұл – Қазақстан құрамасының V Азия Пара ойындарындағы бесінші алтын медалі. Ал Диас Кенжебектің еншісінде қазір үш жүлде бар. Ол бұған дейін 100 метрге еркін стильде жүзуден (S10) күміс медаль жеңіп алған еді.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortaltyq.kz



