Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

«Сарыарқа» рудныйлық «Горняктан» басым түсті

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы Қазақстан чемпионатының кезекті турында Рудныйдың «Горняк» командасын 4:3 есебімен жеңді. Кездесу Қарағандыда өтті.

Суреттер клубтың ресми парақшасынан

Ойынның алғашқы кезеңінде алаң иелері үш шайба соғып, айқын басымдыққа ие болды. Владислав Никулин екінші минутта есеп ашты. Артём Лихотников 15-минутта, Виталий Шульга 19-минутта қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Екінші кезеңнің аяқталуына бір минут қалғанда Данила Карабань «Сарыарқаның» басымдығын еселеді.      «Горняк» үзіліс алдында Александр Куршуктың шайбасымен есеп айырмасын қысқартты.

Үшінші кезеңнің басында Александр Катков тағы бір гол соқты. Кейін Данила Платонов «Горняктың» үшінші шайбасын енгізді. Қонақтар есепті теңестіруге тырысқанымен, қарағандылықтар жеңісті сақтап қалды.

Осы жеңістен кейін «Сарыарқаның» еншісінде 29 ұпай бар. Команда турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Ал 27 ұпайы бар «Горняк» бесінші сатыда қалды.

Командалар 20 қазанда Қарағандыда қайта кездеседі. Матч сағат 19:00-де басталады.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button