Каспийдегі қайғылы оқиға: әскери қызметшілердің аты-жөні белгілі болды
Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің аты-жөндері белгілі болды.

Informburo.kz мәліметінше, қаза тапқандардың арасында Маңғыстау, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Өзбекстанның Қарақалпақстан Республикасының тумасы бар.
Қаза тапқан әскери қызметшілер:
– Мадихан Азамат Болатбекұлы, 2007 жылы туған — Маңғыстау облысының тумасы;
– Төлеген Ақылбек Қабенұлы, 2007 жылы туған — Маңғыстау облысының тумасы;
– Бердиханов Мейрамбек Ермұханұлы, 2006 жылы туған — Маңғыстау облысының тумасы;
– Аяпберген Сержан Талғатұлы, 2006 жылы туған — Маңғыстау облысының тумасы;
– Мұхтарұлы Олжас, 2003 жылы туған — Түркістан облысының тумасы;
– Темиргалиев Женис Тілеушеевич, 2005 жылы туған — Батыс Қазақстан облысының тумасы;
– Кобенов Алмас Жусипұлы, 2006 жылы туған — Өзбекстанның Қарақалпақстан Республикасының тумасы;
– Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы, 2007 жылы туған — Батыс Қазақстан облысының тумасы;
– Жаңабай Асет Саматұлы, 2006 жылы туған — Маңғыстау облысының тумасы;
– Бегей Дастан Нұрболұлы, 2007 жылы туған — Маңғыстау облысының тумасы;
– Диханбаев Олжас Тәжибайұлы, 2005 жылы туған — Маңғыстау облысының тумасы;
– Гилаж Ақжайық Болатбетұлы, 2006 жылы туған — Батыс Қазақстан облысының тумасы.
Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен екі әскери қызметшінің аты-жөні белгілі болды:
– Гумаров Мансур Айтбайұлы, 2007 жылы туған — Батыс Қазақстан облысының тумасы;
– Тұрдыбекұлы Мирас, 2007 жылы туған — Маңғыстау облысының тумасы.
Еске салайық, оқиға 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде болған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 12 әскери қызметші қаза тапқан, тағы үшеуі құтқарылған. Хабарсыз кеткен әскери қызметшілерді іздеу жұмыстары жалғасуда.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



