Аймақ

Газға бет алған өндіріс

Qarmet металлургиялық комбинатын табиғи газға көшіру – өндірістің технологиялық жаңғыруымен қатар, экологиялық жүктемені азайтуды көздейтін стратегиялық жобалардың бірі. Қазір кәсіпорынға газ тартудың екінші кезеңі қарқынды жүзеге асырылып, ауқымды жұмыстың жаңа белесі басталды.

Сурет «QazaqGaz Aimaq» АҚ баспасөз қызметінен алынды

Мұнда өндірісті жаңғыртумен қатар, экологиялық жүктемені азайтуға көзделді. Яғни, оттекті-конвертерлік және әк күйдіру цехтары, ПВС-ЖЭО мен №2 ЖЭО, сондай-ақ ЦГЦА, ЛНГЦ, ЛНПП және басқа да өндірістік бөлімшелер табиғи газға көшіріледі. Ауқымды жоба кәсіпорынның технологиялық тиімділігін арттырып, өндірістің қоршаған ортаға әсерін төмендетуге оң ықпал етеді. Осы ретте газдандыру үдерісін Qarmet-тің технологиялық жаңғыруының өзегіне балай аламыз. Ауқымды жоба өндірістік үдерістердің тиімділігін арттыруға, дәстүрлі отын түрлеріне тәуелділікті азайтуға және қоршаған ортаға түсетін жүктемені төмендетуге бағытталған.

Еске сала кетейік, Qarmet үшін газдандырудың алғашқы белесі былтырғы жылы еңсерілді. Бірінші кезең барысында барлық домна пештері және №1 табақ прокаттау цехының әдістемелік пештері табиғи газға қосылды. Осылайша, комбинаттың ауқымды жаңғыруының жаңа бағытына жол ашылды. Бүгінде бұл жұмыс келесі кезеңге ұласып, өндірістің жаңа нысандарын қамтып отыр.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ
“Ortalyq Qazaqstan”

Фотоға түсініктеме: «QazaqGaz Aimaq» АҚ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button