Бас тақырып

Металлургтер – ел өндірісінің берік тірегі

Құрметті металлургтер! Ардақты сала ардагерлері!

Сурет Qarmet

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Металлургия – өңіріміздің өндіріс­тік қуатын айқындайтын, еліміздің экономикалық дамуына серпін беретін стратегиялық маңызды сала. Сіздердің адал еңбектеріңіздің, жоғары біліктіліктеріңіз бен қажыр-қайраттарыңыздың арқасында Қазақстанның өндірістік әлеуеті артып, жаңа қалалар бой көтеріп, инфрақұрылым дамып, ел экономикасы нығая түсуде.

Қарағанды өңірі өз металлургте­рімен әрдайым мақтанады. Сіздер таң­даған мамандық үлкен төзімділікті, қайсарлықты және өз ісіне деген шексіз адалдықты талап етеді. Балқыған әрбір болат, өндірілген әрбір өнім – маңдай тердің, кәсіби шеберлік пен тынымсыз еңбектің жемісі.

Сала ардагерлеріне айрықша алғы­сымызды білдіреміз. Сіздер – отандық металлургияның берік іргетасын қалаған, мол тәжірибесі мен өнегелі жолын кейінгі буынға аманат еткен тұлғасыздар. Көп жылғы еңбектеріңіз бен кәсібиліктеріңіз бүгінгі жетістіктердің негізіне айналды. Жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, еңбек дәстүрін жалғастырып келе жат­қандарыңыз үшін зор ризашы­лығымызды білдіреміз.

Баршаңызға еңбекте табыс, жұмыстарыңызға береке, қауіпсіз еңбек жағ­дайы мен жаңа жетістіктер ті­лейміз. Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, ынтымақ пен шаттық орнасын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға құт-береке, өмірлеріңізге мол бақыт серік болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын, от пен болаттың хас шеберлері!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button