Бас тақырып

2027 жылдан бастап елімізде автомобиль жолдарына арналған бірыңғай экологиялық норматив күшіне енеді

2027 жылы автомобиль жолдарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай норматив енгізіледі.

Сурет Көлік министрлігінен

 «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазжолҒЗИ) автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау және пайдалану кезеңдерінің барлығына бірыңғай экологиялық талаптарды белгілейтін ведомстволық нормативті әзірлеуде. Нормативті 2026 жылдың соңына дейін бекіту, ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап оны қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.

Құжат бірнеше негізгі бағытты қамтиды. Атап айтқанда, топырақтың құнарлы қабатын сақтау, жерүсті және жерасты суларының қорғалуын қамтамасыз ету, ластаушы заттар шығарындыларымен шаң түзілуін азайту, шу деңгейін төмендету, өндіріс және тұтыну қалдықтарын ұтымды басқару, сондай-ақ құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген аумақтарды қалпына келтіру талаптары қарастырылған.

«ҚазжолҒЗИ» мамандарының айтуынша, экологиялық қауіпсіздік бүгінгі таңда заманауи жол инфрақұрылымы сапасының ажырамас бөлігінеайналуы тиіс. Жаңа норматив автомобиль жолының өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде бірыңғай талаптарды енгізуге, қоршаған ортаға келетін әсерді барынша азайтуға және жол жобаларын іскеа сыру кезінде табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы уақытқа дейін жол саласы қызметінің экологиялық аспектілері тек ұсыныс сипаттағы құжаттармен реттеліп келді және міндетті талапретінде қолданылған жоқ. Әзірленіп жатқан норматив енді бұл талаптарға міндетті түрде орындалуға тиіс құжат мәртебесін береді.

Нормативте су ресурстарын қорғауға ерекше назар аударылған. Жоба құрылыс алаңдарында жерүсті суларын бұру жүйесін ұйымдастыруды, ластанған суларды тазартуды, тазартылмаған ағын сулардың су объектілеріне төгілуіне жол бермеуді, сондай-ақ мұнай өнімдері төгілген жағдайда жедел әрекет ету шараларын көздейді.

Жер ресурстарын сақтау мәселесіне де айрықша мән берілген. Құжатта топырақтың құнарлы қабатын міндетті түрде алу, оны бөлек сақтау және кейіннен рекультивация кезінде пайдалану талаптары енгізіледі. Бұл құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген аумақтарды қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі талаптар қарастырылған. Жолдарды жобалау және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жануарлардың мекендеу орындары, олардың көші-қон жолдары, балықтардың уылдырық шашу аймақтары мен құстардың ұя салу орындары ескерілуі тиіс. Қажет болған жағдайда қоршаулар орнату және ескерту белгілерін қою сияқты арнайы қорғаныс шаралары қолданылады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button