Қарағандыда кісенделген бала құтқарылды
Қарағанды қаласында 11 жастағы бала ойын кезінде қолына кісен салып алып, оны өздігінен шеше алмай қалған. Оқиға Ә. Бөкейхан атындағы ауданның 15 ықшам ауданында болған деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Аулада ойнап жүрген баланың жерден кісен тауып алып, қызығушылықпен қолына тағып көргені анықталды. Алайда кейін кісеннің құлпын аша алмай, қиын жағдайға тап болған. Баланың ата-анасы кісенді шеше алмаған соң, көмекке құтқарушыларды шақырған.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы жедел жетті. Мамандар арнайы құралдардың көмегімен кісенді кесіп, баланың қолын босатып алды.
ТЖМ мамандары ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуды және бейтаныс немесе қауіпті заттармен ойнауына жол бермеуді ескертті.
Нұрасыл АМАНЖОЛ
Е. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ 2 курс студенті



