Құрбан айт – бірлік пен мейірім мерекесі

Құрметті облыс тұрғындары!
Сіздерді Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл қасиетті мереке ғасырлар бойы рухани тазалық пен мейірімділікті, өзара көмек пен бірлікті насихаттап келеді. Осы берекелі күндерде адамдар игі істерді жасауға, аға буын мен мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсетуге көңіл бөліп, қоғамдағы келісімді нығайтуға ұмтылады.
Құрбан айт әртүрлі ұлттар мен діндердің өкілдерін біріктіріп, барлығын құрметке, жанашырлыққа және өзара түсіністікке шақырады. Мереке әр үйге бейбітшілік, өркендеу мен бақыт әкеліп, жүректерімізге жылылық пен үміт сыйласын.
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға бақ-береке табыс тілейміз. Еліміз көркейіп, дами берсін. Шалған құрбандықтарыңыз бен игі амалдарыңыз қабыл болсын!
Құрбан айт мерекесі қайырлы болғай!
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы



