Жаңалықтар

Қарағандыда «ҚұрбанFEST – 2026» отбасылық мерекелік кеші өтеді

“Әнет баба” мешітінің ұжымы Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтарын қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай ұйымдастырылатын «ҚұрбанFEST – 2026» отбасылық мерекелік кешіне шақырады.

Сурет ЖИ

Мерекелік шара көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған.

Кеш барысында балалар мен ересектерге арналған қызықты бағдарламалар ұйымдастырылады. Қонақтарды көңілді аниматорлар, түрлі ойындар, балаларға арналған ойыншықтар, дәмді жәрмеңке, тәтті мақта және естелікке арналған фотобудка күтеді.

Мерекелік шара 27 мамыр күні сағат 10:00-де «Әнет баба» мешіті аумағында өтеді.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button