Жаңалықтар

Қазақстан Орталық Азиядағы суды үнемді тұтынатын ел атанды

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында суды ең үнемді пайдаланатын мемлекет болып шықты. Зерттеу деректеріне сәйкес, елімізде бір адам тәулігіне шамамен 3 397 литр су тұтынады. Бұл – аймақтағы ең төмен көрсеткіш деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі Kazinform.kz- ке сілтеме жасап. 

Сурет Казинформ

Салыстырмалы түрде алғанда, Қырғызстанда тәуліктік су тұтыну көлемі бір адамға 4 153 литрді құраса, Тәжікстанда – 4 460 литр, Өзбекстанда – 4 778 литрге жеткен.

Ал аймақтағы ең жоғары көрсеткіш Түрікменстанда тіркелді. Бұл елде бір адам тәулігіне 15 445 литрге дейін су пайдаланады. Мамандардың мәліметінше, Түрікменстан әлем бойынша да жан басына шаққандағы су тұтыну көлемінен көш бастап тұр.

Сарапшылар су ресурстарын тиімді пайдалану алдағы жылдары Орталық Азия үшін маңызды мәселелердің бірі болатынын атап өтуде.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button