Қарағандылық спортшы парапауэрлифтингтен Азия чемпионатында жеңіске жетті
Қарағандылық спортшы Ернұр Жаманов парапауэрлифтингтен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Азия және Океания чемпионаты Таиландтың Бангкок қаласында өтіп, оған 23 елден 249 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы сапында 19 жастағы қарағандылық Ернұр Жаманов өнер көрсетті. Ол 2025 жылы ол жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанса, 2026 жылы ел чемпионы атағын иеленді. Сонымен қатар Ернұр республикалық Паралимпиаданың жеңімпазы.

– Чемпионатқа дайындық барысында негізгі назар техникаға аударылды, өйткені пауэрлифтингте дәл осы фактор шешуші рөл атқарады. Қарсыластар өте мықты болды (әсіресе Өзбекстан спортшысы жеке көрсеткіш бойынша жоғары салмақ көтерді). Дегенмен үш мүмкіндік бойынша нәтижелер мен техникаға берілген ұпайлардың жиынтығы бойынша Ернұр бірінші орынға шығып, алтын медаль жеңіп алды, — деді Мүгедектер спортына арналған облыстық спорт мектебінің жаттықтырушысы Андрей Шпицер.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



