Қоғам

Қарағанды облысында 2020 жылғы суға шомылу маусымы қорытындыланды

Қарағанды облысының ТЖД өткен суға шомылу маусымының қорытындысын шығарды. Өңірдің су айдындарында 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейінгі аралықта барлығы 12 адам суға кетті, оның ішінде төрт бала көз жұмды, 18 адам құтқарылды.

Суға шомылу маусымы басталғанға дейін құтқарушылар үгіт, алдын алу іс-шараларды бастады. Тұрғындармен әңгімелесулер өткізді, дәрістер оқыды, судағы қауіпсіздік шаралары туралы жадынамалар таратылды. Су айдындарында 350-ден астам тыйым салу белгілері, көрнекі стендтер мен баннерлер орнатылды.

Шомылу маусымы бойы ТЖД бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен, полиция қызметімен және еріктілермен бірлесіп су айдындары мен табиғи жағажайларда жаппай демалу орындарында 1 200-ден астам профилактикалық рейдтер және 30 200 патрульдеу жүргізді.

ТЖД хабарлағандай, полиция қызметкерлерімен бірлесіп 220 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді – 162 жеке тұлғаға ақшалай айыппұл салынды, ал 58 адамға ескерту жасалды.

Халықпен жүргізілген ауқымды алдын алу жұмыстарының арқасында судағы қайғылы оқиғалардың саны азайғаны байқалады. ТЖД қызметкерлері биыл 18 адамды құтқарды. Қарағанды облысының су айдындарында 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында барлығы 12 адам суға кетті, оның ішінде төрт бала болды. 2019 жылдың ұқсас кезеңінде облыстың су айдындарында 14 адам суға батып кетті, оның ішінде екі бала болған.

Басқа материалдар

Back to top button