Облыс әкімі

Тасқынға дайындық тас-түйін

Облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕКТІҢ қатысуымен төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті. Аталған жиналыс барысында азаматтық қорғанысты басқару органдарының 2021 жылғы қызметінің есептік қорытындылары тыңдалды. Сондай-ақ, көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық талқыланып, проблемалық су бекеттерімен жұмыс жасау тапсырылды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша және өткен жылдардағы төтенше оқиғалар туралы Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов баяндады.

– 2021 жылы ТЖ департаментінің бөлімшелерімен бірігіп, 10 мыңнан астам құтқару шаралары іске асты. Осыған сәйкес, облыста 2515 адам түрлі апаттан құтқарылды. ТЖ орын алған аймақтардан шамамен 1500 адам эвакуацияланды. Сонымен қатар, биылғы жылғы су тасқынына дайындық бойынша тәжірибелік іс-шаралар республикалық жол картасы және облыстық инженерлік жұмыстар жоспары шеңберінде жүргізіледі. Жол картасының 16 іс-шарасының 9-ы толық орындалды. Ауылдардың жанында қорғаныс бекеттері тұрғызылып, нығайтылды, – деді Мұрат Қатпанов.

Департамент бастығының сөзіне сүйенсек, ең қиын жағдай жаз мезгілінің аптап ыстығы түскенде басталады. Өрттен туар қауіп пен шомылу маусымындағы түрлі жауапсыз әрекеттер кешірілмейтін қателіктерге әкеліп соғады. Өткен жылда өрт қаупінің артуы – жауын-шашынның болмауы, орташа температураның 30 градустан түспеуінің салдары дейді мамандар. Оған ыстық желдің қатты екпіні мен, найзағайды қосыңыз. Сөйтіп, былтыр орман өртінің саны 7 есеге артты. Сондай-ақ, дала өрттері 5 есеге ұлғайды. Барлығы 525 өрт тіркелген. Осы оқиға салдарынан 4 адам зардап шегіп, 2-і қайтыс болған. ТЖ мамандарының айтуынша, табиғи өрттердің жиілеуі және дер кезінде сөндірілмеуіне себеп – өрт орын алған жерлердің көбіне елді мекендерден едәуір қашықтықта орналасқандығы. Бұл өрт болған жерге күштер мен құралдардың жедел жетуіне айтарлықтай кері әсер етері сөзсіз бөгеттері салынып, арнасынан асу қаупі бар жағалаулар нығайтылды. Өзендердің түбі тереңдетіліп, жалпы 102 шақырым қашықтықта өзен арналары тегістелді. Осындай шаралармен барлығы 178 елді мекен қамтылған. Ал, 1 наурыздан бастап дәстүр бойынша мамандар су құбырлары мен көпірлерді тазартуға кіріседі. Осыған орай, облыс басшысы Жеңіс Қасымбек су тасқынынан қорғау шараларын уақытылы қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.

– Облыс аумағындағы қалалар мен аудандарда қазірдің өзінде қар шығару жұмыстарын бастау керек. Қаражат бөліңіздер, кәсіпорындарды тартыңыздар. Мұның бәрі су объектілері мен инфрақұрылымды дайындауға, іс-қимылдардың үйлесімділігіне, материалдық-техникалық жарақтандыруға байланысты. Су қоймаларын дайындауға баса назар аударып, әрбір гидроқұрылысты бақылауды қамтамасыз ету қажет, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Аталған отырыста азаматтық қорғаныс жүйесі жұмысының нәтижелері мен алдын алу шараларын да күшейту тапсырылды.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button