Облыс әкімі

Кәсіпкер мәселесі қалай шешіледі?

Қарағандылық супермаркеттердің сөрелеріне «Қарағандыда жасалған» деген белгімен тауарлар қайта оралады. Облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК жергілікті өндірушілерді қолдауға дайын екенін жеткізді.Өңір басшысы онлайн-форматта қарағандылық кәсіпкерлермен бірнеше кездесу өткізіп, көптеген ұсыныстар мен өзекті мәселелерді талқылады. Сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының басшылары түрлі мәселелерді көтерді, соның ішінде супермаркеттер сөрелеріне олардың өнімдерінің қолжетімділігі, заңды тұлғалар үшін баға белгілеу және коммуналдық тарифтер мәселелері. Азық-түлік және аграрлық өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін бизнесмендер субсидиялау бағдарламасын ашық әрі қолжетімді етуді сұрады. АӨК-нің көптеген өкілдері жайылымдық жерлердің тапшылығына шағымданды. Қарағанды облысының жер қатынастары басшысы Дарын Бұлқайырдың айтуынша, қазір тиімсіз пайдаланылған жерлерді мемлекеттік меншікке алу мүмкін болып отыр.

– Бүгінгі таңда Президенттің тапсырмасы аясында Qolday бағдарламасы бойынша шамамен 7 млн. 600 гектар пайдаланылмаған немесе ұтымсыз пайдаланылған жер ретінде мониторингке қойылды. Жайылымдар көлемін ұлғайтуға келетін болсақ, аудандар бұл жер учаскелерін резервте ұстайды және бірлесіп пайдаланады. Облыс бойынша жерді қайтарып алу Жол картасы бекітілді, – деп хабарлады Дарын Бұлқайыр.

Жергілікті мал өсірушілермен мәселе де өзекті.

«Шекаралардың жабылуы және бәсекелестік ортаның болмауы олардың көпшілігін банкроттыққа әкелуі мүмкін», – деп шағымданды осы саланың өкілдері.

Өз кезегінде жеңіл өнеркәсіп саласының кәсіпкерлері мемлекеттік сатып алумен байланысты проблемалар және білікті кадрлардың жетіспеушілігі туралы айтып берді.

– Бізде колледж, училищелер бар, онда біздің сала үшін студенттер грантта оқиды. Бірақ олар жеткіліксіз. Облыста 50-ге жуық компания бар, олардың әрқайсына жұмыскер қажет. Фабрикамыздың Қарағандыдағы филиалы 250 жұмыс орнына арналған, ал іс жүзінде біз тек 15-20% ғана жұмыскер алдық. Колледждерге сапарлар, практикаға шақыру, меморандумдарға қол қою және стипендиялар төлеу тиісті нәтиже бермейді, – деді «Ютария ltd» ЖШС бас директоры Сәуле Шауенова.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер импорттық тауарларды жеткізушілерге және тендерлерді жиі жеңіп алатын басқа аймақтардан келген кәсіпкерлерге шағымданды. Жеңіс Қасымбек қала және аудан әкімдеріне бизнесмендермен кездесіп, барлық мәселелерді пысықтауды тапсырды.

– Кәсіпкерлерге күрделі екі жылда қарағандылықтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз еткендеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Егер қалалық және облыстық билік қандай да бір мәселелерді байқамаса, онда біз түзететін боламыз, – деп уәде берді аймақ басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button