Брифинг

Жаңа жүйе жайында не білеміз?

Биылғы жылдың 1-ші шілдесінен бастап пәтер иелері кооперативтері өз қызметін тоқтатады. Осы мерзім аяқталған соң заң жүзінде бұл жүйе жойылады. Оны алмастыратын жүйе жайында не білеміз? Жаңа басқару нысаны дегеніміз не? Оған қалай көшуге болады?

 

Бұл жөнінде, облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ММ басшысының орынбасары Махамбет Жанабергенов айтып берді. «Мүлік иелері бірлестігі (МИБ) жай серіктестік (ЖС) құру бөлігінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  (ТҮКШ) реформасы қандай мүмкіндіктерді ашады» тақырыбы талқыланды.

2020 жылғы 7-ші қаңтарда «ҚР тұрғын үй қатынастары туралы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді. Заңға сәйкес, әр көп пәтерлі тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігін немесе жай серіктестік құру қажет. Үйді басқару нысанын тағайындау туралы шешімді пәтер иелері кворум болған жағдайда жалпы жиналыста, ал кворум сақталмаса жазбаша сұраумен қабылданады.

Тұрғын үй қатынастары Заңы бойынша пәтердің тұрғын үй немесе тұрғын жай меншік иесі өзіне тиесілі пәтерлерді, тұрғын үй емес үй жайды, сондай-ақ  кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ауыртпалығын көтереді.

Облыс бойынша ең төменгі тариф 1 шаршы метр үшін орта есеппен алғанда 28,6 теңгені құрайды. Сонымен қатар, жиналыста тұрғындар пәтер иелерінің арасынан 3 адамнан тұратын үй кеңесін сайлауға құқылы. Үй кеңесі МИБ төрағасының немесе ЖС сенімді тұлғасының жұмысын үйлестіреді. Және мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар, үй тұрғындарының жиналысында құрамы кемінде 3 адамнан тұратын тексеру комиссиясы немесе кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асыратын пәтер иелерінің арасынан тексеруші саулауға мүмкіндігі тағы бар.

Көп пәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания құрамында оқудан өткен және кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға біліктілігін растайтын құжаттары бар мамандар болған кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қызметтер көрсетіледі.

Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтердің, тұрғын немесе үй жайлардың қаражатын қайтару шартымен жобалау сметалық құжаттары бар кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге құқылы.

Бүгінгі күні, облыс бойынша басқарудың жаңа нысандарын құруға мүмкіндігі бар 7330 үй бар. Оның ішінде – 198-де МИБ тіркелген, 6213 үйде ЖС құрылған. Жаңа басқару нысандарының жалпы саны – 6411, бұл – 87,5%.

Қазіргі уақытта басқарудың 6408 жаңа формаларының ішінде ағымдағы шоттар 731 үйде, ал, 785 үйде жинақ шоттар ашылған. Алайда, бұл өте төмен көрсеткіш болып отыр.

Сайып келгенде, басқарудың жаңа нысандарын енгізу әрбір көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың иелерінің мүдделерін қорғауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау сапасының деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл тұтастай алғанда тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз етеді.

Сағыныш ӘБІЛ.

Басқа материалдар

Back to top button