8 млн-нан астам қазақстандандық өз таңдауын жасады
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың дауыс беру нәтижесін ұсынды.

Абай облысы 69,29 %
Ақмола облысы 71,33%
Ақтөбе облысы 77,65 %
Алматы облысы 68, 23 %
Атырау облысы 64,33 %
Батыс Қазақстан облысы 60,61 %
Жамбыл облысы 70,31 %
Жетісу облысы 68,50 %
Қарағанды облысы 72,63 %
Қостанай облысы 70,96 %
Қызылорда облысы 82,02 %
Маңғыстау облысы 68,19 %
Павлодар облысы 68,41 %
Солтүстік Қазақстан облысы 60,70 %
Түркістан облысы 72,39 %
Ұлытау облысы 66,50 %
Шығыс Қазақстан облысы 78,98 %
Астана қаласы 47,76 %
Алматы қаласы 28,16 %
Шымкент қаласы 72,61 %
Жалпы сағат 16.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 029 286 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 64,43 пайызын құрады.
Сонымен қатар Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылғаны туралы хабарлаймыз.
Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат сағат 18.00-де беріледі.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



