Жаңалықтар

Алаяқ құрықталды

Алматылықтарға «Пәтер алуға көмектесемін» деп уәде беріп, артынша алдын-ала төлемін алған соң қашып кеткен алаяқ құрықталды, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  

Сурет: Polisia.kz

Қазіргі таңда алаяқтың 1999 жылы туған А. есімді азамат екені анықталды. Ол ҚР ҚПК-нің 128-бабымен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Бүгінде А. Есімді азаматты 10 алаяқтық іске қатысы бары анықталды. Сонымен қатар, барлық келтірген материалдық шығыны есептелуде. Жас жігіт азаматтардың сеніміне кіріп, оларға ипотека арқылы пәтер алып беруге уәде берген. Онымен қоймай, әрқайсысынан 400-500 мың теңге көлемінде алдын ала төлем алып отырған. Содан кейін хабарсыз кеткен, – деді Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Қылмыстық іс бойынша өндіріс жалғасып жатыр. Тергеушілер алдаудың жаңа деректерін анықтап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Кolesa.kz сайты арқылы алаяқтық жасап, көпшіліктің ақшасын қалтасына басқан ұрының құрықталғаны жөнінде жазған болатынбыз.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button