Жаңалықтар

Құрылыс қашанда бақылауда

Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы облыс аумағында сәулет-құрылыс қызметі саласындағы қадағалау-бақылау органы және көрсетілетін қызметті беруші болып табылады, оның негізгі мақсаты мен қызметтері:

–        объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

–        салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;

–        жұмыстарды және инжинирингтік қызметтерді лицензиялауды жүзеге асыру;

–        жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

Бақылау және қадағалау жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштерді қарау және тексерулер жүргізу кезінде ҚМЖ басталуы туралы хабарламалар бойынша құрылыс объектілеріне мониторинг және тексеріс жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Басқарманың бақылауында бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени нысандар және құрылыс салушылардың өз инвестициялары есебінен салынып жатқан 100-ден астам нысан бар.

Басқарма 2022 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы ­1­ ­­328 хабарлама қабылдады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда құрылыс объектілері санының 0,2%-ға төмен екенін көрсетеді.

Өткен жылы Басқарма сәулет-құрылыс бақылауы мәселелері бойынша 54 бақылау-қадағалау тексеру іс-шараларын жүргізді және келесі сипаттағы 270 әкімшілік іс қозғады:

– мемлекеттік нормативтерді бұзу, ҚР Әкімшілік кодексінің 312-бабы бойынша 8 683 500 тг сомаға – 20 іс;

– белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, ҚР Әкімшілік кодексінің 314-бабы бойынша 7 874 910 тг сомаға – 16 іс;

– ЖСҚ және сараптамасыз ҚМЖ жүзеге асыру, ҚР Әкімшілік кодексінің 316-бабы бойынша 17 374 980 сомаға – 61 іс;

– авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, ҚР Әкімшілік кодексінің 317-бабы бойынша ­4 921 668 тг сомаға – 11 іс;

– инжинирингтік қызметтерді бұзу, ҚР Әкімшілік кодексінің 317-1-бабы бойынша 5 139 500 тг сомаға – 6 іс;

– объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, ҚР Әкімшілік кодексінің 318-бабы бойынша 5 648 172 тг сомаға – 18 іс;

– әкімдіктің жер учаскесін бөлместен, заңсыз құрылыс жүргізу –  ҚР Әкімшілік кодексінің 319-бабы бойынша 128 646 тг сомаға – 4 іс.;

– үлестік қатысу, (ҚР Әкімшілік кодексінің 320-бабы бойынша ­1 562 130 тг сомаға – 5 іс.)

– тапсырыс берушілердің авторлық және техникалық қадағалаусыз объектілерді салуы ҚР Әкімшілік кодексінің 321-бабы бойынша  25 329 630 тг сомаға – 78 іс;

– азаматтардың пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, ҚР Әкімшілік кодексінің 322-бабы бойынша  643 230 тг сомаға – 8 іс;

– бекітілген тәртіпте пайдалануға берілмеген  объектілерді заңсыз пайдалану, ҚР Әкімшілік кодексінің  323-бабы бойынша  676 923 тг сомаға –15 іс;

– Басқарманың нұсқамаларын орындамау, ҚР Әкімшілік кодексінің  462-бабы бойынша 306 300 тг сомаға – 1 іс;

– Басқармаға хабарламай құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау, ҚР Әкімшілік кодексінің 463-бабы бойынша  1 533 037 тг сомаға – 26 іс;

– Лицензиялау нормаларын бұзу, ҚР Әкімшілік кодексінің  464-бабы бойынша 96 485 тг сомаға – 1 іс.

Басқарма қаулыларға сәйкес 63 735 808 теңге сомасына 270 айыппұл салды, сондай-ақ, облыстың әкімшілік соттарына қарау үшін жолданды, олар 16 180 303 теңге айыппұл салды.

2022 жылы техникалық қадағалауды жүргізетін сарапшылардың 9 аттестатының қолданысы тоқтатылды («ТЛГ 2002» ЖШС сарапшысы – Е.Т.Мырзабеков, «Ай Мереке» ЖШС сарапшысы – ­А.У.Сангулов, «ALASH-SERVICE KZ» ЖШС сарапшысы – Д.С.Абдильдин, «Broad Mark Construction» ЖШС сарапшысы – А.Н.Еликбаев, «Фото Стиль» ЖШС сарапшысы  – Х.К.Алин, «Құрылысмаркетинг» ЖШС сарапшысы – А.А.Макенов, «Фото Стиль» –  А.Б.Жексембин, жеке кәсіпкер – О.Ж Есентуреев.,  жеке кәсіпкер – К.Б.Тусупов).

2022 жылы лицензияны алу кезінде көрінеу жалған ақпарат бергені үшін «СпецСтрой-Р» ЖШС ҚР Әкімшілік кодексінің 464-бабы 2-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2022 жылдың 12 айында 882 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

– лицензиялау бойынша 603 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 27% кем (829 мемлекеттік көрсетілетін қызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 279 мемлекеттік  көрсетілетін қызмет көрсетілді, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 39%-ға көп (454 мемлекеттік көрсетілетін қызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 10 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2021 жылға қарағанда 100%-ға артық (5 мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Апта сайын онлайн-режимде азаматтарды жеке қабылдау жүзеге асырылады, әлеуметтік желілер арқылы қызықтыратын сұрақтарға жауаптар беріледі; 43-22-43 сенім телефоны, хаттар мен өтініштерге арналған жәшік жұмыс істейді.

Басқарма қызметкерлерінің өтініш берушілермен байланысын барынша азайту үшін лицензиялау бойынша мемлекеттік қызмет, құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаларды қабылдау, аяқталған объектілерді енгізу бойынша салыстырып тексеру өтініш берушілермен тікелей байланыссыз ақпараттық базалар арқылы ұсынылады.

Құрылыс субъектілеріне (тапсырыс беруші, техникалық қадағалау) заңнаманың талаптары және олардың құрылыс кезінде сақталуы туралы ұсыным хаттар жіберіледі.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы талаптар туралы ақпараттандыру бойынша белсенді жұмыс өзекті ақпаратты, заңнамалық базаны және пайдалы сілтемелерді, оның ішінде ашық деректер порталын орналастыру арқылы Ресми сайтта жүргізіледі https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-gask.

 Сержан АЙМАҚОВ,

облыстың мемлекеттік ­сәулет-құрылыс бақылау басқармасының  басшысы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button