Жаңалықтар

Дауыс берудің алдын-ала қорытындысы белгілі болды

Дауыс берудің алдын ала қорытындысы бойынша Серік Өтешовке 147 депутат дауыс берді. Облыста Сенат депутаттығына 3 кандидат тіркелген болатын.

Серік Өтешов 1963 жылы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1986 жылы Жезқазған облыстық қаржы бөлімінде бюджет бөлімнің экономисті болып бастаған.
1991 жылдан Жезқазған облыстық қаржы басқармасының болжау және экономикалық талдау басқармасының бастығы қызметін атқарды.
1999 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымында болды.
2004-2006 жж. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
2006-2010 жж. Қарағанды облысы қаржы департаментінің директоры;
2010-2011 жж. Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2011 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың қазанына дейін Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.
2017 жылдың қарашасында Қарағанды облыстық мәслихатының ХІ сессиясында бірауыздан облыстық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қаржы қызметінің үздігі» және «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерімен марапатталған.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button