Қарағанды облысы халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияның ықтимал екінші толқынына белсенді дайындық жүргізілуде, бұл дайындық облыс халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін де айналып өтпеді.
Медициналық ұйымдарда стационарлық және амбулаториялық деңгейде дәрілік заттар қорын құрудан басқа, дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу бағытында да жұмыстар жүргізілуде.
Департамент жүргізетін фармацевтикалық нарығындағы жағдай мониторингісінің деректері бойынша, қазіргі уақытта Қарағанды облысының дәріхана қоймалары мен дәріханаларының базасында коронавирустық инфекцияны емдеу үшін қолданылатын сұранысқа ие дәрілік препараттардың, яғни 330 мыңнан астам дәрілік заттардың, вирусқа қарсы препараттардың 130 мыңнан астам қаптамасының, бактерияға қарсы дәрілік заттардың 300 мыңнан астам қаптамалары мен антикоагулянттар/ антиагреганттар 260 мыңға жуық қаптамасының қорлары бар.
Қажетті қорды құру бойынша жұмыс тоқтамайды, дәрілік заттарды тұрақты жеткізу жүзеге асырылады, Қарағанды облысының әкімдігімен “Сары-Арқа” ӘКК-мен бірлесіп дәрілік заттардың тұрақтандыру қорын ұйымдастырды, қазіргі уақытта фармацевтикалық нарықта тапшылық туындаған жағдайда 150 млн теңге сомасына Парацетамол, Ингавирин, Ацетилсалицил қышқылы, Осельтамивир дәрілік заттарын сатып алды, бұдан басқа, “СК-Фармация” ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы бөлшек саудада өткізу үшін қажетті дәрілік заттарды сатып алуды жүргізуде.