Қоғам

Қоғам сұранысы – сапалы білім

Жақында Мемлекет басшысы Жолдауында білім саласын дамытудың мәселелерін ерекше атап өткен болатын. Оның ішінде қашықтан білім беру жағдайындағы, әсіресе, мұғалімдердің жалақысы мен балалардың қауіпсіздігі айтылды. Сондай-ақ, мектепке дейінгі тәрбие беру жағы да назардан тыс қалмады. Бүгінгі таңда облыстың барлық 507 мектебі қашықтан оқытуға (199 441 оқушы) көшті. Мектеп қорынан қажеттілігі бар оқушыларға, оның ішінде аз-қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар мен мұғалімдерге уақытша тегін пайдалануға компьютерлер берілді.

Мемлекет басшысы Жолдауында «Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек» деп атап өтті. Бүгінгі таңда облыстағы 507 мектептің 322-сі интерактивті платформаларында, 112 мектепте аралас формада қашықтан оқытылуда. Ал, 73-ке жуық мектепте сабақ штаттық режимде өтуде. Жеке меншік мектептер де ондағы балалардың санына байланысты өзгерістерге ұшырауда.

Ал, шалғай ауылдарда білім алатын оқушылар үшін жаңа мектептердің құрылысы басталып кетті. Мәселен, биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауылдық жерлерде орналасқан 11 білім беру нысанын күрделі жөндеуге 1,1 миллиард теңге бөлінді. Жұмыстар Қарқаралы, Ұлытау аудандарында жалғасын табады.

«Жол картасына» сәйкес, санитарлық тораптарды ауыстыру мақсатында аудандардағы 119 аула дәретханаларын ғимараттың ішіне көшіру үшін 357 миллион теңге жоспарланған. Қазіргі таңда Нұра, Осакаров, Бұқар жырау, Шет аудандары мен Жезқазған қаласында дәретханалардың басым көпшілігі ғимараттардың ішіне ауыстырылды.

Мемлекет басшысы Жолдауда атап өткен балалардың мектептегі қауіпсіздігі де күн тәртібіне алатын басты міндеттердің бірі. Әсіресе, білім ошақтарын бейнебақылаумен қамту шаралары да – назарда. Бүгінгі таңда облыстағы 507 мектептің 482-іне бейнебақылау камералары орнатылды. Ауыл мектептерін бейнекамералармен жарақтандыру үшін 131 миллион 685 мың теңге бөлініп отыр.

– Қазіргі таңда Абай және Бұқар жырау аудандарында камералар толық көлемде орнатылып, бес ауданда орнату жұмыстары жалғасын табуда, – деді білім басқармасының мамандары.

Оқушылардың білім алуынан бөлек, қауіпсіздігі маңызды болған тұста, білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережелеріне оқушылардың қауіпсіздігін ұйымдастыру бойынша тарау енгізілгенін де атап өткен жөн. Барлық мектептерде тұрақты кезекшілік режимі бар. Бұл бөгде адамдардың кіруіне тыйым салуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, балалардың терезеден құлап кету қаупін азайту мақсатында білім бөлімдері басшыларымен терезе кілттерін және терезе блоктарына қауіпсіздік тізбектерін сатып алу қажеттігі бойынша атааналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде кеңес өткізілген.

Білім басқармасы мамандарының айтуынша, мамандандырылған күзет агенттіктерінің қызметтері арқылы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Атап өтетін болсақ, Балқаш қаласының 17 мектебі мен қосымша білім беру ұйымында, Саран қаласының мектебінде мамандандырылған күзет жұмыс жасайды. Қарағанды мектептерінің 50%-ы арнайы қорғау қызметімен қамтылған, қалған мектептер бойынша конкурстық рәсімдер жүріп жатыр. Ал, Теміртау, Жезқазған қалаларының 12 мектебінде жедел әрекет ету тобының «дабыл түймелері» орнатылды. Мектептердің бейне жүйелерін жедел басқарма орталықтарына (ЖБО) қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Мектептер үшін (бейнебақылау камералары, ауладағы дәретханалар) 2020-2023 жылдарға арналған құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жөніндегі жол картасы шеңберінде 2020 жылға жергілікті бюджет есебінен 119 аулалық дәретхананы көшіруге 357 миллион теңге бөлінді.

Мемлекет басшысы атап өткендей, балаларға қауіпсіз жағдай жасау мәселесінде, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарының түлектерін тұрғын үймен қамтамасыз етудегі жұмыстар да қарқынды жүргізілуде. Облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Нұржан Жетпісбаевтың айтуынша, тұрғын үйге белгіленген құқықты негізге ала отырып, үймен қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар бекітілген. Оған сәйкес жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу көзделгенін атады.

Облыс әкімдігі ұсынған электрондық портал мәліметтері бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан, тұрғын үй алуға аймақ бойынша кезекте 7302 адам тұр. Осыған дейін облыста жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға 331 пәтер бөлінген болатын. Қала және аудан әкімдіктері 2020-2022 жылдар арал

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Back to top button