Бас тақырыпКоронавирус
Қарағандылық дәрігерлер сыйақы алды
Коронавирус індетіне қарсы күреске тартылған қарағандылық дәрігерлер сыйақы алды. Қосымша төлем жұқпалы аурулар бөлімінің, провизорлық госпиталдардың, жәдел медициналық көмек қызметінің мамандарына және карантиндік блок бекеттердің кезекші дәрігерлеріне берілді.
Республикалық бюджеттен 139 млн.теңге қаражат бөлініп, 1359 медициналық қызметкерге үстемақы төленді. Оның мөлшері жұмыс сағатының санына және қызметкерлердің біліктілігіне байланысты белгіленген. Сондай-ақ, облыстық бюджеттен қосымша 197 млн.теңге бөлініп, тағы 1677 дәрігер айлық жалақы мөлшерінде сыйақы алды.