ҚарағандыРеспублика күні

Белгілі ғалым Қойлыбай Асанов қарағандылықтарды Республика күнімен құттықтады

Бізде мереке атауы көп. Олардың ішіндегі киелі де қасиетті мереке – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік декларациясына қол қойылып, жеке ел болуға қадам басқан күніміз. Алайда, бұл мереке біраз жыл бұрын мерекелер қатарынан алынып қалған еді. Енді, міне, қайта атай бастадық. Бір өкініштісі, Тәуелсіздік мерекесі мен Желтоқсан қозғалысын тұспа-тұс қою ойға сыймады. Себебі, бұл күні біз «Тәуелсіздік алдық» деп қуанамыз ба, әлде кешегі боздақтардың қаза болғанын еске аламыз ба?

Дербес мемлекет ретінде алғаш шаңырақ көтеріп, құжатқа қол қойғанымыз – күні бүгінге дейін халықтың жадында. Халықтың рухын көтеретін осындай мерекелер. Сондықтан, бұл мерекені лайықты атап өткеніміз дұрыс!

Қойлыбай АСАНОВ, 

филология ғылымдарының докторы, профессор

Басқа материалдар

Back to top button