Облыс әкімі

«Тарихи маңызды күн»

2 маусымда облыстық мәслихат хатшысы Серік ӨТЕШОВТІҢ төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК, облыстық басқармалардың, департаменттердің, құқық қорғау органдарының басшылары, Қоғамдық кеңестің өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасын қарау, Қарағанды облыстық мәслихаты мен Ұлытау облыстық мәслихатына бөліну жолымен мәслихатты қайта ұйымдастыру және Қарағанды облыстық мәслихаты мен Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының құрамын айқындау, сондай-ақ, Ұлытау облыстық мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясын шақыру туралы мәселелер қаралды.Жиын барысында мәслихат хатшысы депутаттарға жаңа тағайындалған лауазымды тұлғалар – Қарағанды облысының прокуроры, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Бауыржан Мырзакеров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысы Мұрат Төлеубаев және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Әнуар Мәдиевті таныстырып, біріге жұмыс істеуге шақырды.

Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетов:

– Бүгінгі сессияда «AMANAT» партиясының облыстық мәслихаттағы екі депутат Қамбар Ахметов пен Зарина Марданованың өз өкілеттігін тоқтатуына байланысты, партиялық резервтегі Рита Ахтямова мен Қанат Мұқановқа мандаттары тапсырылады. Екіншіден жаңадан сайланған депутаттар – «AMANAT» партиясының мүшелері Рита Ахтямова мен Қанат Мұқанов депутаттық тізімге алынады,– деді.
Депутаттар Рита Ахтямова мен Қанат Мұқановтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы Серік Өтешов:

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының Әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес Ұлытау облысы құрылды. Осы Жарлықты іске асыру шеңберінде жергілікті өкілді орган – Ұлытау облысының мәслихатын қалыптастыру қажет. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, құрамында 26 депутат бар Қарағанды облыстық мәслихатына және 12 депутаттан тұратын Ұлытау облыстық мәслихатына бөліну арқылы Қарағанды облысының мәслихатын қайта ұйымдастыру ұсынылады, – деді.
Депутаттар арасында қарсы немесе қалыс қалғандар болмай ұсыныс қабылданды.
Облыстық мәслихаттың хатшысы мәслихаттарды бөлу және құрамын анықтау кезінде қазір-гі шақырылым депутаттарының тұрғылықты және тіркелген жерлері негізге алынғанын атап өтті.

– Бұл сессияға біздің басқа әріптестеріміз де қатысып отыр. Олар – Жезқазған, Сәтбаев, Қара- жал қалалары мен Жаңаарқа және Ұлытау аудандары мәслихаттарының хатшылары. Құттықтаймыз және алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз, – деді Серік Өтешов.
Жаңа құрылған Ұлытау облысы мәслихаты депутаттары атынан сөз алған Бауыржан Шыңғысов:
– Бүгін – Қарағанды облысында тарихи маңызды күн. Міне, «Жаңа Қазақстанды» жаңа облыспен бірге құрамыз деп отырмыз. Бірнеше жыл бірге жұмыс істеген әріптестерімізбен көтерілген көптеген мәселені шештік. Біз оларға алғысымызды айтамыз. Әлі де бірге жұмыс атқарамыз деп ойлаймын, – деген тілегін жеткізді.

Жаңа облыс мәслихатының құрылуына байланысты және оның жұмыс істей бастауына қатысты бірқатар маңызды ұйымдастырушылық мәселелер бойынша шешім қабылданды. Атап айтқанда, Жезқазған қаласы әкімдігінің ғимаратында өтетін облыстық мәслихаттың алғашқы ұйымдастыру сессиясын 8 маусымда шақыру ұсынылды. Ұсыныс қабылданып, ұйымдастыру сессиясына «AMANAT» партиясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Бекзат Алтынбеков төрағалық жасайтыны айтылды.
– Бұл маңызды шешім. Жалпы, екі өңір де өз дамуын жалғастырады. Барлық белгіленген жоспарлар орындалады, – деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы №887 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 5-бабына сәйкес, Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облыстық мәслихаты бөлу жолымен Қарағанды облыстық мәслихаты және Ұлытау облыстық мәслихаты қайта ұйымдастырылсын.
1) Мұрат Смагұлұлы Әбілов «AMANAT» партиясы депутаты;
2) Ермек Толеуұлы Әбилдин «Ақ Жол» партиясы депутаты;
3) Сергазы Мыңжасарұлы «Ауыл» партиясы депутаты; Әдекенов
4) Әдия Базылқызы Әлімбаева «AMANAT» партиясы депутаты;
5) Юлия Викторовна Бадина «AMANAT» партиясы депутаты;
6) Қайрат Қапарұлы Біржанов Қазақстан халық партиясы;

7) Иван Владимирович Георгиади «AMANAT» партиясы депутаты;
8) Бейбіт Сабырұлы Досжанов «AMANAT» партиясы депутаты;
9) Ғабдолла Болатұлы Дүйсенбаев «AMANAT» партиясы депутаты;
10) Александр Михайлович Қазақстан халық партиясы; Зевахин
11) Марат Кенесұлы Ибатов «AMANAT» партиясы депутаты;
12) Мәди Сымбатұлы Исекеев «Ауыл» партиясы депутаты;
13) Арман Қобландыұлы Халыков «AMANAT» партиясы депутаты;
14) Арыстан Газизұлы Мағзұмов «AMANAT» партиясы депутаты;
15) Мира Атамаловна Махатчина «AMANAT» партиясы депутаты;
16) Арғын Зайруллаұлы «AMANAT» партиясы Нығматулин депутаты;
17) Ойрат Серікұлы Нұрқазов «Ақ Жол» партиясы депутаты;
18) Қадиша Базарбайқызы «AMANAT» партиясы Оспанова депутаты;
19) Георгий Георгиевич Прокоп «AMANAT» партиясы депутаты;
20) Айман Бекболатқызы Түкбаева «AMANAT» партиясы депутаты;
21) Анар Ақылбекқызы «Ауыл» партиясы депутаты; Тұрмұхамбетова
22) Талғат Бабашұлы Өтеубаев «AMANAT» партиясы депутаты;
23) Серік Балғатайұлы Өтешов «AMANAT» партиясы депутаты;
24) Марина Васильевна Шиллер «Ақ Жол» партиясы депутаты;
25) Жанна Филиповна Штергер «AMANAT» партиясы депутаты;
26) Дулат Тұрсынұлы Экзеков «AMANAT» партиясы депутаты;.

Ұлытау облысы мәслихатының құрамы :
1) Бекзат Қомарұлы Алтынбеков
«AMANAT» партиясы депутаты;
2) Назым Сейтханқызы Алпысбаева
Қазақстан халық партиясы;
3) Асан Юржанұлы Сүйіндік
«AMANAT» партиясы депутаты;
4) Рита Сагировна Ахтямова
«AMANAT» партиясы депутаты;
5) Силар Қазбекұлы Қияқбаев
«AMANAT» партиясы депутаты;
6) Бахтияр Сапарбекұлы Қожахметов
«AMANAT» партиясы депутаты;
7) Қанат Бейсенұлы Мұқанов
«AMANAT» партиясы депутаты;
8) Жәнібек Сайлаубекұлы Рыспеков
«AMANAT» партиясы депутаты;
9) Ерболат Жалғасбайұлы Сатыбалдин
«AMANAT» партиясы депутаты;
10) Ержан Аманжолұлы Тоқымбаев
«AMANAT» партиясы депутаты;
11) Ерден Балтабайұлы Халилин
«AMANAT» партиясы депутаты;
12) Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов
«AMANAT» партиясы депутаты.

Бұл шешім 2022 жылғы 8 маусымнан бастап күшіне енеді.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button