Жаңалықтар

6505 әскери бөлімінде жас сарбаздарға қару табысталды

Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінде ерекше маңызы бар салтанатты рәсім өтті. Мерзімді әскери қызметке жаңадан шақырылған жас сарбаздарға қару табысталды.

Суреттер ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ

Қару табыстау – әрбір әскери қызметшінің өміріндегі аса жауапты әрі ерекше кезең. Бұл рәсім – сарбаздың Отан қорғаушы ретінде үлкен сенімге ие болғанын білдіреді. Әскери бөлімнің алаңында сап түзеген жас жауынгерлерге командирлер салтанатты түрде қару-жарақ тапсырды.

Салтанатты рәсім жас сарбаздардың әскери рухын көтеріп, олардың бойындағы патриоттық сезім мен жауынгерлік борышқа деген жауапкершілікті нығайтты. Жауынгерлер қаруды қабылдап тұрып, Отанға адал қызмет етуге серт берді.

Айта кетейік, бұл сарбаздар жақында ғана әскери ант қабылдаған болатын. Енді олар әскери машықтарын жетілдіріп, алдағы уақытта қызметтерін жалғастырады.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ баспасөз қызметі  

Басқа материалдар

Back to top button