Облыс әкімі

Судан қауіп бар өңірлер – бақылауда

Облыстағы су басу қаупі бар учаскелер мен гидроқұрылыстар бақылауға алынды. Барлық маңызы бар автожолдарда су өткізу құбырлары мен көпірлерді тазарту жалғасуда. Құтқарушылар облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕККЕ көктемгі су тасқынына дайындық туралы баяндады.

Аймақ басшысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпановпен бірге Бұқар жырау және Абай аудандарындағы Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің арналарын тексерді. Бұл аумақтар Қарқаралы, Осакаров және Нұра аудандарымен қатар су басу қаупі жоғары өңірлер тізімінде.

Құтқарушылардың айтуынша, су тасқыны учаскелері мен гидроқұрылыстар бақылауға алынды. 760 мың текше метр қар шығарылды.

Жеңіс Қасымбекке Ғ.Мұстафин кентіндегі жағдай да таныстырылды. Онда елді мекеннің бойында ұзындығы 6 шақырымнан асатын қорғаныс білігі салынған. Сонымен қатар, Садовое, Чкалово, Көкпе кті, Жастілек ауылдарындағы топырақ үйінділері бекітіліп, нығайтылды.Абай ауданына барған кезде облыс әкіміне Жартас су қоймасынан Сасықкөл көліне дейін ұзындығы 16,5 шақырым Шерубай-Нұра өзенінің санациясы туралы айтылды. Юбилейный ауылында алдын алу шаралары қабылданды. Қорғаныс білігі де бар.Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпановтың айтуынша, Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің бассейндері бойынша екі қар өлшеу шаралары жүзеге асырылған. Қардағы ылғал қоры норманың 10-нан 45%-ға дейінгі көлемде. Бұл жағдайда жерде 1-ден 4 см-ге дейін қар мен мұздың жоғары тығыздығы байқалады. Биылғы жылы тасқын су ағыны көп жылдан бері байқалып отырған орташа деңгейден төмен болады деп күтілуде. Бірақ барлық тәуекелдер, соның ішінде, қардың еру жылдамдығы мен жауын-шашын ескеріледі.

Космомониторинг деректері бойынша облыс аумағының 80%-ы қар астында. Дегенмен су қоймалары толып жатқан жоқ.

Авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар үшін өңірде тиісті қызмет күші мен құралы әзір. Материалдық-техникалық және қаржылық база құрылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button