Медицина
60 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпе алды
Аймақта қыркүйек айының басынан бері тұмауға қарсы екпе жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта өңір тұрғындары үшін «Grippol Plus» вакцинасының 173 мың дозасы сатып алынған еді. Қазіргі таңда 63 651 тұрғын вакцинация алған.
«Grippol Plus» препараты вирустың үш штампын қамтиды. Вакцинаның антигендік құрамы вирустың айналымына және ағымдағы эпидемиологиялық маусымындағы болжам нәтижелеріне байланысты өзгертіліп тұрады. Қазіргі таңда вакцинацияны 1168 жүкті әйел, 34936 диспансерлік есепте тұрған жандар қабылдаған. Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі 4912 адам салдыртқан.
Айта кетейік, тұмауға қарсы вакцина – тегін. Жергілікті емханаға барып, сол жерде қабылдауға болады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz