Облыс әкімі
Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек қаза тапқан кеншілердің туыстарына көңіл айтты
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек шахта апатынан қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
“Бүгін түнгі сағат 3-те «Арселор Миттал Теміртау» АҚ КД Ленин атындағы шахтасында газдренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде газдың кенеттен таралуы орын алды. Осының салдарынан шахтаның 5 қызметкері қаза тауып, 4 адам Шахтинск және Х.Мақажанов атындағы ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі уақытта Үкіметтік комиссия құрылды.
Қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Олардың отбасыларына, сондай-ақ зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі“, – деп жазды аймақ басшысы әлеуметтік желідегі парақшасына.