Облыс әкімі

Жылу жүйесі 1 қыркүйекте дайын болуы тиіс

Облыста энергостанцияларда 18 қазандық пен 10 турбина жөнделді. Онлайн режимде өткен жиында аймақ басшысы Жеңіс ҚАСЫМБЕККЕ жұмыс барысы туралы баяндалды.

– Жыл бойғы кестеге сәйкес энергия көздеріндегі негізгі жабдықтарды жөндеу жалғасуда. Есепті күнге дейін 44 қазандық пен 26 турбинаның жылдық жоспары кезінде 18 қазандық пен 10 турбинада жөндеу аяқталды, – деп хабарлады энергетика және ТКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Нақыпбеков.

Оның айтуынша, алдағы қысқа 426 қазандық, 2114,2 шақырым инженерлік желілер, 1126 әлеуметтік сала нысаны және 5598 тұрғын үй дайындалады. Бүгінгі күні қазандық пен инженерлік желілердің дайындығы 70,7%-ды, тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала объектілерінің дайындығы 74,8%-ды құрайды. Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметованың айтуынша, ведомство мекемелерінің 84%-ының дайындық актілері бар. Қалғаны тамыз айының ортасына дейін алу керек. Көмір сатып алу жалғасуда. Ай мақта барлық жылыту маусымына станцияларға, қазандықтарға және халықтың тұтынуына керек қажеттіліктер шамамен 7,5 млн. тоннаны құрайды.

– Жылу беру маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Энергия қадағалау департаменті жұмыс барысы мен сапасын ерекше бақылауда ұстауы тиіс. Барлық әлеуметтік нысандардың дайындығын 1-ші қыркүйекке дейін қамтамасыз ету қажет, – деді Жеңіс Қасымбек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button