Байқау

Жас ғалымдарға жол ашық

Сурет ұйымдастырушылардан

Қарағанды индустриялық университетінде қалалық цифрлық экожүйені дамыту бойынша өзекті міндеттерді шешуге бағытталған Теміртау қаласының жалпы білім беретін мектептері мен колледждері оқушыларының байқауы өтті. Оған 14 команда қатысты. №9 лицейдің оқушылары «ақылды» урна, кварцтық шам және антисептикке арналған бүріккіш құрылғысын ұсынып, жеңімпаз атанды.

Инновациялық жоба «ақылды» қала, «ақылды» университет, қоғам өміріндегі ақпараттық технологиялар бағыты бойынша өтті. «Абай бол, өзіңе қамқор бол!» жобасын ұсынған №9 лицей оқушылары Бейбарыс Ергешбаев пен Бекарыс Хиса байқаудың жеңімпаздары атанды. Олар аталмыш байқауға үш бірдей өнертабысын әкелген. Сол жұмыстарының ішінен автоматты түрде ашу және жабу функциясы бар қолданылған маскаларға арналған сенсорлы «ақылды» қоқыс жәшігі үздік деп танылған. Сондай-ақ, лицей оқушылары таймер бойынша қосылатын және кварцтау уақытында үй-жайдан шығу қажеттілігі туралы хабарлайтын автоматтандырылған кварц шамын таныстырды. Қозғалыс сенсоры іске қосылған кезде автоматты түрде антисептикалық спрей шашады.

Dex-SU-AZ Platon жобасын ұсынған Теміртау жоғары политехникалық колледжінің командасы құрамындағы Дмитрий Шмидт, Тимофей Ергунов және Елена Илясова ІІ орынды иеленді. Бейне сараптаманың көмегімен тұлғаны тану арқылы оқу орындарына автоматтандырылған өткізу ұрылғысын ойлап тапқан. Аталмыш құрылғысына Python жоғары деңгейлі бағдарламасы жазылған. Сонымен қол, аталмыш құрылғы дене қызуын тексеру үшін үйдің кіре берісіне де орнатуға болады.

– Бағдарламалық кодты әзірлеу мен жазуды ескере отырып, жобаны іске асыруға бізге үш ай уақыт қажет болды. Мен жеке өзім Python бағдарламалау тілін үйрендім. Онымен төрт жыл жұмыс істеп келем. Хакатон маған тек жағымды эмоциялар қалдырды. Мен жаңа тәжірибе алдым. Осындай іс-шараларға қатысуды жалғастырғым келеді, – дейді Дмитрий Шмидт.

ІІІ орын – №14 ЖББОМ оқушысы Антон Шутовқа бұйырды. Ол «EITable Менделеев кестесінің негізгі элементтерін есте сақтауға арналған мобильді қосымша» жобасын ұсынған.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button