Жаңалықтар

Медициналық нысандар саны артады

2021 жылы медицинаның профилактикалық бағытын дамытуға баса назар аударылды деуге болады. «Дені сау ұлт» бағдарламасы ұлттық жобаға айналып, осы бағытты одан әрі дамытуға мүмкіндік бермек. Жалғасып жатқан пандемияға қарамастан, азаматтардың денсаулық жағдай[1]ын сипаттайтын көрсеткіштерді бұрынғы деңгейде сақтап, тіпті, жақсартуға мүмкіндік туды. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша туберкулезбен сырқаттанушылық пен өлім-жітімді (5,7% және 9,1%) төмендетуге қол жеткіздік. 5 және одан да көп жыл өмір сүретін онкологиялық аурулары бар адамдардың көрсеткіші 2,3%-ға (56,5%-дан 58,8%-ға дейін) өсті. Дегенмен, коронавирус инфекциясы көптеген адамның өмірін алып кеткенін ескерсек, жалпы өлім жағдайы көбейді.

Сурет автордан

2021 жылы осы қауіпті ауруға қарсы тұру үшін ауқымды жұмыс жүргізілді. Бірнешеуін атап өтсек болады. Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда 43 мыңнан астам науқас, үйдегі стационарларда 7 мыңнан астам науқас емделді. 1,4 млн.-нан астам ПТР-тест өткізілді, кеуде қуысы органдарын 155 мың КТ зерттеуі жүргізілді. Қазіргі уақытта біз сырқаттанушылықтың кезекті толқыны алдында тұрмыз. Ауырлығы әртүрлі дәрежедегі коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету үшін облыста көп деңгейлі жүйе енгізілген және алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарынан бастап, мамандандырылған госпитальдарға дейінгі барлық буындардың өзара іс-қимыл тетігі пысықталған. Жалпы, 5672 төсектік 44 стационар жұмыс істейді, сонымен қоса, қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен толықтай жарақтандырылған. Госпитальдарда 6 мыңнан астам дәрігер жұмысқа дайын. 26 КТ аппараты, 8 ПТР-зертхана толық дайын. Тұрғындардың шақыруларына желілік жедел жәрдем машиналарымен қатар, 128 реанимобиль қызмет көрсетеді.

Біздің азаматтарымызды коронавирустың әсері мен салдарынан сақтау үшін вакцинация науқаны да жалғасып жатыр. Ол үшін облыстың барлық өңірлерінде 115 екпе егу орталықтары белсенді жұмыс істеуде. Сонымен қатар, Pfizer вакцинасымен жұмыс істеу үшін мамандандырылған тоңазытқыш жабдықтарымен жабдықталған қосымша 27 иммундау орталығы ұйымдастырылды. Вакцинаның толық курсымен 607 мың тұрғын қамтылды. Өткен жылдың қарашасынан бастап, коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинация басталды. 2021 жылға арналған жоспарларды айқындай отырып, біз Мемлекет басшысының тапсырмаларын және негізгі бағдарламалық құжаттарды басшылыққа алдық. Халықтың медициналық көмектің нақты түрлеріне қажеттілігін ескере отырып, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру жалғастырылды. Бұл үшін біз барлық ықтимал тәсілдерді, оның ішінде, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) мүмкіндіктерін пайдаланамыз. Өткен жылы Қарағандыдағы екі жедел жәрдем қосалқы станциясы өз жұмысын бастады. Ол жерде бригадалардың толыққанды жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Демалыс бөлмелері, сонымен қоса, қажетті компьютерлік техникамен жабдықталған заманауи диспетчерлік бөлмелер бар.

«Ауыл – Ел бесігі» республикалық бағдарламасы аясында Нұра ауданының ертінді ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салынды. Жалпы 22 денсаулық сақтау нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылғы өз жұмысымызды талдай келе, біз уақытылы шешуді талап ететін мәселелерді анықтадық және облыстың денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту мен жаңғырту жоспарын жасадық. 2022 жылы облыстық балалар ауруханасының құрылысын аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, біз онкологиялық диспансерді жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыруды жалғастырамыз, оның аумағында операциялық-реанимациялық блок пен позитронды-эмиссиялық томографты (ПЭТ КТ) орнатуға арналған орын саламыз. №1 қалалық ауруханада заманауи талаптарға сай жаңа қабылдау бөлмесі ашылады. Сондай-ақ, биылғы жылы 4 ФАП салу жоспарлануда (Абай ауданының Юбилейное ауылында, Жаңаарқа ауданының Бидайық, Атасу ауылдарында, Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылында).

Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жалпы сомасы 2 млрд. теңгеден астам қаражатқа қадамдық қолжетімділіктегі 5 емхана ашу жоспарлануда. Бұған жеке инвестициялар тартылатын болады. Босандыру нысандарын ашу сияқты бірқатар жобаларды да іске асыру жоспарланған. Мәселен, перзентхана бөлімшесін ашу, облыстық ауруханада жедел гинекология орталығын қайта құру, Жезқазған қаласында перзентхана ашу сияқты шаралар. Қарағанды мен Жезқазған қалаларында сәулелі диагностиканың 2 орталығы ашылатынын да айта кеткен жөн. Кадр ресурстарын дамыту да назардан тыс қалмайды. 2021 жылы облысқа 400 дәрігер, оның ішінде, резидентураны бітірген 189 маман келді. Дәрігерлер тапшылығы мәселесін шешу үшін тартылған мамандарды қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету бірінші орынға қойылады. 2021 жылы жас мамандарға 199 жайлы пәтер берілді. Алдағы уақытта екі өзекті жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Біріншісі – Жезқазған қаласында 28 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын биыл аяқтау.

Екіншісі – облыстық балалар ауруханасы стационарының ғимаратын 100 пәтерлік үй ретінде қайта жаңарту. Белгіленген барлық міндеттерді орындау облыстың денсаулық сақтау саласына кезекті қадам жасауға мүмкіндік береді және халық орналасқан жеріне қарамастан, мемлекет кепілдік берген медициналық көмекті алатын болады.

Гамаль ТОҚСАМБАЕВ, Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button