Ресми
53 жолаушы эвакуацияланды
Кеше ТЖД-не «Алматы-Екатеринбург» тасжолында Сарышаған кентінен бес шақырым жерде жолаушылар автобусы бұзылып, далада қалғаны жөнінде хабарлама түседі. Оқиға орнына жедел жеткен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары 53 жолаушыны эвакуациялады.
Құтқарушылар далада қалған автобустан 53 жолаушыны жақын маңдағы жылыту пунктіне жеткізген. Эвакуацияланғандар Өзбекстан Республикасының азаматтары екен. Медициналық көмекке мұқтаж емес.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz