Ресми

5 тамыз – Қазақстан медиаторларының кәсіби мерекесі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы этномедиация рөлін айқындап берген болатын. Әрі Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында этномедиация кабинеттері негізінде медиация орталықтарын құру жөнінде тапсырма берген болатын.  Осы мақсатта Қарағандыдағы Достық үйінде медиация орталығы құрылды. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикеновтің қатысуымен кеше медиация орталығы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, құрам бекітілді. Әрі алдағы жұмыс жоспары да талқыланды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Қазақстан медиаторларының кәсіби мерекесі күні қарсаңында өңірде біршама шаралар өткізілді. Атап айтсақ, Осакаров ауданында «Ел бірлігін нығайтудағы медиацияның рөлі» тақырыбында халықпен кездесу, Балқаш қаласында облысымыздың медиаторлары мен келіссөз жүргізушілерінің конгресі өтті.

Ал, кешегі отырыста жалпы орталықтың жұмысы пысықталып, жұмыс жоспары бекітілді. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның құрылымдарының мүшелері, медиаторлар, қоғам қайраткерлері, келіссөз жүргізушілер, ғалымдар мен белсенді жастар қатысқан еді.

Бірқатар маман құрылған орталықтың міндеттері және қоғамдық келісімді нығайтудағы медиацияның рөлі туралы баяндама жасады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button