Облыс әкімі

Аймақ басшысына ахуал баяндалды

Облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс бөлігінде орналасқан су басқан көшелерді аралап шықты. Аймақтағы қарғын жағдайы тәулік бойы бақылауда. Елеулі қауіптер жоқ. Қарағандыда еріген қар суы жиналатын жерлерде коммуналдық қызмет бригадалары мен құтқарушылар жұмыс істеуде.

Қарағандыдағы су тасқыны наурыз айының соңында қар қалың жауып, күрт жылынуы салдарынан туындап отыр. Қардың тез еруінен Оңтүстік-Шығыста далада судың үлкен қоры пайда болды. Оларды жою үшін ТЖ және коммуналдық қызметтер күшімен екі жасанды бөгет салды.

Бірақ, күндіз және түнде ауа температурасының жоғарылауы су ағынын күшейтті. Бөгеттердің бұзылу қаупі туындаған соң коллекторға су жіберу мақсатында арнайы жыралар жасалды.

Тәттімбет-Мұқанов қиылысында 8 жүк тиегіш, 35 самосвал, 50-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды. Түске таяу су алдыңғы күнгіден үш есе күшті болды. Екі бөгет жасадық. Оның да суға толып, арнадан асу қаупі туындады. Сол себепті, бұған жол бермеу үшін біз екі жерде жыра жасадық, – деді Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Коммуналдық қызметтер аулаларға аққан су ағынын тоқтатты. Түнде біліктер күшейтілді.

Су ағынына бірнеше үй тап болып, жертөлелер суға толды. Су сорумен үш бригада айналысуда.

Су тасқыны кезеңінің басынан бері Қарағандыда аула мен көше аумақтарын кәріз суы, еріген, жер асты суының басуы туралы 194 хабарлама тіркелді. Барлық су басу жергілікті сипатта болады. Оларды жоюға ЖАО, жол ұйымдары, «Қарағанды Су» ЖШС, облыстық ТЖД күштері мен құралдары тартылды. Барлығы 206 адам мен 85 техника жұмылдырылды.

Облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button