Қарағанды

Қарағандыда пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан тұрғын үй өртеніп кетті

Қарағанды облысы ТЖД мәліметінше, тұрғын үйдің өртенуі 19 қыркүйекте сағат таңғы 6:00 шамасында Карл Либкнехт көшесінде болған. Үйден шыққан жалын ферма ғимараттары мен 15 тонна көмірі бар алаңға жайылды. Сондай-ақ, гаражда тұрған көлік толығымен жанып кетті.

 

Қызыл жалыннан зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер бір сағаттан астам уақытта өртті сөндірді. Ал таңғы 7:00 шамасында толығымен өшірілді.

Өрттің шығу себебі – пештер мен түтін мұржаларын орнату кезінде өрт қауіпсіздігі бұзылғаны белгілі болды.

“19 қыркүйек күні сағат 05: 26-да Карл Либкнехт көшесінде болып жатқан өрт туралы хабарлама келіп түсті.  Өрт 270 шаршы метр алаңға жайылып, үйдің шатыры, терезе блоктары, ағаш конструкциялары, жапсарлас салынған гараж, көмір (15 тонна) және “Lada Granta” автокөлігі жанып кетті”, – деп хабарлады Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

 

 

Басқа материалдар

Back to top button