Ресми

Енді барлық саяси институттарды қайта іске қосу міндеті тұр – Ерлан Қарин

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Парламенттің бірлескен отырысында қабылданған Конституцияға енгізілген өзгертулерге қатысты өз пікірін білдірді. 

 

«Бүгін Парламент қабылдаған саяси реформалардың пакеті Қазақстанның жаңа демократиялық модельге көшкенін білдіреді. Бұл модельде Президент бір мерзімге қайта сайлану құқығынсыз сайланады (оның үстіне бұл норма өзгеріссіз қалады және қайта қарауға мүмкін болмайды). Сондай-ақ Конституциялық сот судьяларының өкілет мерзімі президенттік және парламенттік өкілет мерзімдерінен ұзақтау болмақ. Бұл реформалардың пакетін бұрын іске асырылған конституциялық реформамен бірге қарау қажет: жаңа Конституциялық сот институты құрылды; бір мезгілде Парламенттің өкілеттігі кеңейіп, Президенттің өкілеті қысқартылды; аралас сайлау жүйесі енгізіліп, партияларды тіркеу рәсімін оңайлады; өңірлердің дербестігін күшеймек», – деп жазды ол телеграм каналында.

Оның пайымынша, енді саяси институттарды қайта іске қосу қажет. Ал ол үшін президенттік және парламенттік сайлаулар өткізу керек.

«Мұның бәрі, түптеп келгенде, мемлекеттік құрылымның институционалдық келбетін билік тармақтарының арасында барынша теңгерім қалыптастыра отырып түзеді. Жаңа мемлекеттік модель биліктің ұдайы ротациялануын, саяси жүйенің болжамдылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етеді және тұтастай алғанда, мемлекетіміздің одан әрі дамуын тек демократиялық бастауларда, саяси бәсекелестік негізінде баянды етеді. Басқаша айтқанда, реформалардың жаңа пакеті саяси жүйенің өзгеру процесін аяқтайды. Енді барлық негізгі саяси институттарды (Президент, Парламент, мәслихаттар, Үкімет) қайта іске қосу міндеті тұр. Оның бірінші кезеңі Жолдауда жарияланған президенттік сайлау болады», – деді Мемлекеттік кеңесші.

Басқа материалдар

Back to top button