Ресми

Жыл басынан бері 11 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

1 қыркүйектегі мәлімет бойынша 11 165 этникалық қазақ атамекеніне оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 99,1 мың этникалық қазақ оралды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 

Қандастар
фото: gov.kz

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (69,6%) – Өзбекстаннан, 10,5% – ҚХР-дан, 7,1% – Түркіменстаннан, 4,6% – Моңғолиядан және 8,3% – басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,8%), Маңғыстау (17,2%), Түркістан (9,4%) және Жамбыл (6,8%) облыстарында, сондай-ақ Алматы (5,9%), Нұр-Сұлтан (7,5%) және Шымкент (7,6%) қалаларында қоныстанды.

Осы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны – 59,5%, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар – 27,1% және зейнеткерлер – 13,4%.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша 12,3% – жоғары білімді, 38,9% – арнайы орта білімді, 47% – жалпы орта білімді және 1,7%-ының білімі жоқ.

Басқа материалдар

Back to top button