Брифинг

Саранда – соны серпін

Саранда облыс басшылығының қолдауымен жылдар бойы тоқтап тұрған «Saran» республикалық индустриялық аймағының құрылысы басталды. Сонымен қатар, «Yutong» автобус құрастыру зауыты іске қосылып, шина шығаратын «KamaTyres.KZ» кәсіпорынының құрылысы бой көтермек. Және ыстық мырыштау желісі бар металл бұйымдарын өндіру, қоспаланған болаттан жасалған өнімдерді өндіру бойынша құю цехы іске қосылады. Бұл туралы Саран қаласының әкімі Ержан ТЕМІРХАНОВ өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Индустриялық аймақ 6 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Қазірдің өзінде 1 570-тен астам жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 1 934 қала тұрғыны белсенді шаралармен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта 1 мыңнан астам маман қажет. Осы сәтті пайдалана отырып, біз барлық облыстардың мамандарын қаламыздың кәсіпорындарына жұмысқа шақырамыз. Биылғы жылы жаңа өндірістерді кадрлармен толық қамтамасыз етуді қолға аламыз. Сондай-ақ, қалалық колледждер базасында полимерлік өндіріс үшін мамандар даярлау жүргізіледі. Оқуын тәмамдаған соң біз жұмысқа аламыз, – деді Ержан Оралұлы.

Қалада аз қамтылғандар санатына жататын отбасылардың саны соңғы 3 жылда 2,5 есеге төмендеген. Соған сәйкес, жұмыссыздық деңгейі де біршама азайған. Алайда, қала – индустриялық аймақ болғандықтан, әлі де жұмыс күші керек-ақ. Соған байланысты елдің түпкір-түпкірінен білікті кадрларды тартуға басымдық беріп отыр.

Ал, тұрғын үй құрылысының қарқыны – 260%-ға артқан. Бүгінде 9 үйді қалпына келтіру жұмыстары басталып кеткен. Оның ішіндегі, жалға берілетін 2 үйге жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал, 4-еуін жекеменшік ұйымдар қолға алған. Сонымен қатар, 3-ші шағын аудандағы 7 үй жөндеу жұмыстары бойынша аукционға қойылған.

Техникалық сараптамаға сәйкес қалпына келтіруге жатпайтын бос тұрған тұрғын үйлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде. Және оның аумағын толық қалпына келтіреміз. Бұл – бүкіл шағын ауданның инженерлік инфрақұрылымын қайта құру және жақсарту деген сөз. Әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық мақсаттағы объектілері бар 60 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үй салу жоспарлануда. Бұл жерде, әлеуметтік дәріхана, учаскелік полиция пункті, спорт зал және коммуналдық павильондар болады деп отырмыз, – деді қала басшысы.

Бұдан бөлек, Рабочая көшесіндегі жалға берілетін 100 пәтерлі 2 үйді қолданысқа беретін күн жақын. Бүгін де 1 үйдің бөлу рәсімі басталып кеткен. Ал, екіншісінің құрылысы мен бөлу рәсімі жоспар бойынша тамыз айында аяқталады. Сонымен қатар, 207 учаскесі бар Макаренко көшесі мен Горняк шағын ауданына су құбыры желілері тартылды.

Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы – 173 км. Ал, олардың тозуы 80%-дан асты. Бүгін де су құбыры желілерін реконструкциялау бойынша жоба әзірленуде. Барлық учаске бойынша қалпына келтіру жұмыстары 3 кезеңге бөлінген.

Қалалық желілерді жарықпен қамтамасыз ету бойынша Саран алға шығып отыр. Бүгін де электр желілерінің ұзындығы – 479,6 шақырымды құрайды. Қаланың 75%-ы жарықтандырылған. Қала басшысының мәліметіне сүйенсек, жыл сайын 300-ге жуық жарықтандыру бағаналары орнатылады екен. Бұл көрсеткішті 2023 жылға дейін 100%-ға жеткізуді көздеуде.

Жолдың жалпы ұзындығы – 74 шақырым. Қазір қала жолының 89,8%-ы қанағаттанарлық жағдайда. Буденный, Щорс, Крайняя, Кольцевая, Новая, Станционная көшелері, Северный, Тимирязев, Кошевой, Труд, Макаренко, Нұркен Әбдіров, Лермонтов, Озерная, Волынская көшелерінің жолдарына жөндеу жұмыстарын аяқтадық. Енді Молодежная, Черняховский, Южная, Зеленая, Гоголь көшелерін, Западный және Крайний тұйық көшелерін жөндеуді жоспарлап отырмыз. Ал, аулалардың жалпы саны – 44. оның 36-сы толық жөндеуден өтті. 10 балалар ойын алаңы мен спорт корты, жасанды жабыны бар футбол алаңы орнатылды, – деді қала әкімі.

Қалада 9 мектеп және 8 мектепке дейінгі ұйым мен 2 орта-арнайы білім беру объектісі бар. Биыл сол білім ордаларындағы техникалық жағдайды жаңартуға білім басқармасы тарапынан қаржы бөлінген. Ал, ауруханалардағы медициналық жабдықтарды 92%-ға жаңартқан. Былтыр 30 жас маманды сала бойынша жұмысқа қабылдапты. Ал, қаладағы барлық 16 дәріхана жүйесінің дәрілік заттар қорын 2 айға есептеп, тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Ербол ЕРБОЛАТ. 

Басқа материалдар

Back to top button