Сұхбат

Діндер саласындағы “Тыңдаушы мемлекет” тұжырымдамасы жұмыс істейді

Тәуелсіздік алғаннан бергі дін саласындағы қатынастарды реттеудің құқықтық негізі Қазақстанда сонау 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңмен қаланды. 2011 жылы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» жаңа Заң шықты. Сонымен, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарының 117, 142, 144-тармақтарын орындау мақсатында жақында, 2021 жылғы желтоқсанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Біздің сұхбатымыз дін саласындағы заңнаманы халықаралық-құқықтық міндеттемелерге сәйкес жетілдіру және оңайлату аясында енгізілген өзгерістер туралы «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Дулат ХАЛЕЛМЕН.

– Дулат Қанышұлы, Қазақстанда дін саласын реттейтін заңдар әр кезеңде қабылданды. Қандай өзгерістер болды?

– Әлемнің көптеген елдерінің Конституциясында, заңнамасында және халықаралық құқықтық құжаттарында бекітілген адамның негізгі құқықтарының бірі діни сенім (дін, ар-ождан) бостандығының құқығы болып табылады. 1992 жылғы 15 қаңтарда қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заң Қазақстандағы діни қатынастарды реттейтін арнайы заң болып табылады. Бұл заң 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы ғана емес, сонымен 1993 жылғы тұңғыш қазақстандық Конституция шыққанға дейін қабылданғанымен ерекше. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» – деп көрсетілген. «Зайырлы» деген ұғым діни ұйымдардың мемлекет ісіне араласып, елдің саяси өміріне ықпал ете алмайтынын білдіреді. Алайда, «зайырлылық» «атеистік» дегенді білдірмейді. Зайырлы мемлекет сенім мен дінді жоққа шығармайды, бірақ қабылданатын шешімдердің діни емес, құқықтық принциптерге негізделгенін талап етеді.

– Кейбір азаматтар Қазақстан Республикасының Конституциясына, атап айтқанда, 22-бабына сүйене отырып, дін саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді реттеу қажеттігіне күмән келтіріп, конституциялық құқықтарды бұзу деп санайды, Сіз бұл жөнінде не айта аласыз?

– Дегенмен, көптеген елдер кез келген дін және оның қызметі қоғамның бір бөлігі болып табылады деп түсіндіреді де, қалай болғанда да діни қызметті әкімшілік-құқықтық қатынастар аясында реттейді, және оның нәтижесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қоғамның кез келген басқа субъектісі сияқты оларға мемлекетпен айқындалған белгілі бір ережелер мен нормаларға бағыну жүктеледі.

– Дулат Қанышұлы, әлемдегі діни қатынастар саласындағы заңнамалық реттеудің үлгілері туралы егжей-тегжейлі айта аласыз ба, елдерді атасаңыз…

– Әрине. Алдымен бізбен іргелес Ресей Федерациясынан бастайын. Ресей Федерациясының «Ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңында діни ғұрыптар мен рәсімдерді келесі жерлерде кедергісіз өткізуге болады: ғибадат орындарында; діни ұйымдарға тиесілі ғимараттарда, дұға жасау орындарында, зираттар мен крематорийлерде, тұрғын үй-жайларында. Одан басқа, адамдардың өтініштері бойынша «емдеу-профилактикалық және ауруханалық мекемелерде, балалар үйлерінде, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерінде», сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарында діни ғұрыптарды өткізуге рұқсат етіледі. Өзге жағдайларда қоғамдық орындарда өткізілетін көпшілік діни жоралғылар мен рәсімдер митингілер, шерулер мен демонстрациялар өткізудің белгіленген тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады. Ұлыбританияда 1855 жылдан бері ғибадат қылу орындарын тіркеу туралы заң бар, ол ғибадат қылу немесе діни жоралғыларды атқару орындарын тіркеуді және оның заңдылығын реттейді. Заңға сәйкес ғимараттар, бөлмелер немесе кез келген басқа үй-жайлар баж салығын төлегеннен кейін діни жоралғылар орны ретінде қызмет жасай алады. Содан кейін олардың тіркелгені туралы жазба Англия мен Уэльстің Басты тіркеу бөлімінде сақталады, ал ғибадат қылу орнына «ғибадат нөмірі» беріледі. Және де, әлем елдерінде діни сенім бостандығын бақылаудың халықаралық тәжірибесі бар екенін атап өткім келеді. Мұндай есептер сонымен қатар діни сенім бостандығының деңгейін көрсететін индекстерді қамтиды, діни қызметтің әкімшілік реттелуін бағалау да енгізіледі.

– Өте қызық. Ал, айтыңызшы, діни қызметті реттеу мәселелері жөнінде халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстанның рейтингі қандай?

– Осылайша, жыл сайынғы заң үстемдігі индексі бойынша Қазақстан іс жүзінде әлемдік рейтингтің ортасында тұр. Бұл ретте, сарапшылар еліміздің бірнеше позициядағы көрсеткіштерінің жақсарғанын атап өтті. Жалпы, бұл рейтингте Қазақстанның қызметі оң бағаланады. Дегенмен, жағымды жақтарына қарамастан, діни ұйымдарды міндетті тіркеу, міндетті түрдегі діни сараптама және әскери қызметке баламалардың жоқтығы сияқты бірқатар күрделі мәселелердің бар екені атап өтіледі.

– Заңнама тақырыбына қайта оралсақ, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа Заңды (2019 жылдың басында талқыланған) қабылдау қажеттігінің бір себебі ретінде, көптеген заңгерлер мен қоғамдастық өкілдерінің пікірінше, ҚР 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» қолданыстағы Заңының жетілдірілмегені айтылды. Сіз бұл туралы не айта аласыз?

– Терроризм мен экстремизм қаупінің күшеюіне, деструктивті діни ағымдарға қарсы тұру қажеттілігіне байланысты діни бірлестіктердің қызметін одан әрі оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» қолданыстағы Заңы қабылданды. Әрине, ол деструктивті діни секталарға қарсы тұру міндетін ұстанды. Республикада 2019 жылдың басында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа Заң қабылдау қажеттігі талқыланып, ол әзірленді де, алайда Парламент жаңа заң жобасын Үкіметтің өңдеуіне қайтарды. Ал, шын мәнінде, 2011 жылғы заңда барлық негізгі постулаттар мен ұғымдар көзделген. Және де, қазіргі заңнамадағы ар-ождан бостандығының негізгі принциптерінің құрамдас бөлігі болып табылатын «Діни сенім бостандығы» – бұл ең маңызды ұғым. Сондықтан мен заңның «жаһандық жетілмегендігі» туралы айта алмаймын, алайда, дін саласындағы заңнаманы халықаралық-құқықтық міндеттемелерге сәйкес жетілдіру және жеңілдету аясында діни заңнамаға 2021 жылы жекелеген «нүктелік» өзгерістер енгізілді, бұл конфессияаралық қатынастардың одан әрі дамуына және жергілікті діни бірлестіктің дамуына әсер ететіні сөзсіз. Заңның негізгі міндеттерінің бірі азаматтардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ыңғайлы құқықтық тәртіпті құру болды және ол болып қала береді, және де діни бірлестіктердің қызметі мемлекетке қазіргі заманғы экстремистік және террористік сипаттағы сын-қатерлерді жеңіп шығуға көмектеседі.

– Дулат Қанышұлы, айтыңызшы, Заңдағы өзгерістер мен толықтырулардың қабылдануымен нақты не өзгерді?

– Мемлекет басшысы 2021 жылғы 29 желтоқсанда қол қойған ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды қабылдау маңызды қадамдардың бірі деп санаймын. Дін саласындағы заңнамаға діни іс-шараларды ғибадат үйлерінен тыс өткізу туралы бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазіргі уақытта қабылданған өзгерістерге сәйкес діни іс-шараларды діни ғимараттардан (құрылыстар) тыс өткізу үшін хабарлама беру сипаты қарастырылған. Бұл норма діни бірлестіктер үшін діни ғимараттардан (құрылыстардан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуді келісу талаптары мен тәртібін жеңілдететіні сөзсіз. Бұл ретте, ҚР заңнамасына діни ғимараттардан (құрылыстардан) тыс жерлерде өткізілетін іс-шаралардың заңдылығының сәйкес келу жауапкершілігі діни бірлестіктің басшыларына жүктелетін болады.

– Облысымыздағы конфессия өкілдері бұл жаңашылдықты зор ықыласпен қабылдайды деп ойлаймын. Айтыңызшы, 2021 жылғы 29 желтоқсандағы Заңға сәйкес тағы қандай түзетулер қабылданды?

– Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес жергілікті діни бірлестіктің (ЖДБ) құрылуы және қалыпты жұмыс істеуі үшін бастамашылар саны қысқартылды. Енді заңда бұл көрсеткіш 50 адам деп белгіленді. Бұл бір діни ұстанымдағы жергілікті діни бірлестіктердің (ЖДБ) өңірлік құрылымдарын құруға ықпал ететіні сөзсіз. ЖДБ-дің өздеріне өңірлік құрылымдарды құру мүмкіндіктері берілді, бұл формалды және нақты жағдай арасындағы қайшылықты жояды. Бұл ретте, ЖДБ облыстың әртүрлі әкімшілік-аумақтық бірліктерінде жұмыс істей алады, бірақ мүшелерінің саны көп болмауы керек. Қазіргі уақытта ЖДБ құру үшін ӨДБ құратын 500 азаматтың жалпы критерийіне жету жеткілікті және ЖДБ өкілдеріне жеткіліктілік шегін 250-ден 50-ге дейін 5 есеге азайту арқылы ӨДБ құруды бастау мүмкіндігін беру жеткілікті. Сонымен қатар «діни мазмұндағы ақпараттық материалдар» түсінігі де ашып айтылды.

– Менің түсінуімше, мемлекет тарапынан тараптар (мемлекет және діни бірлестіктер) арасындағы диалогты реттеу үшін белгілі бір қадамдар жасалды, бірақ мұндай диалогты, әсіресе сол «діни мазмұндағы ақпараттық материалдарға» қатысты диалогты құру кешенді тәсілді қажет етеді. Айтыңызшы, бұл қырынан алғанда, заң не дейді?

– Сіз өте дұрыс айтасыз, Дмитрий. Дінтану сараптамасы дінтану мен білімнің басқа салаларының өзара байланысын ескере отырып, кең ауқымды зерттеулерді жобалайды және түйіскен мәселелерді тауып, шешуді талап етеді. Өйткені, «дінтану» мамандығының өзі күрделі, ол дін туралы білімнің әртүрлі аспектілерін ықпалдастырады. Ал мен діни сараптама жүргізетін мамандарға қойылатын талаптардың бүгінде заңнама нормаларында өзгертілгенін қанағаттанарлықпен атап өткім келеді. Діни сараптамаға тек теологтар мен дінтанушылардың қатысуымен қатар, сараптама өткізуге саясаттанушыларды, психологтарды, әлеуметтанушыларды және т.б. тарту қалыпты жағдайға айналды.

– Заңнамада тағы не өзгерді?

– Жалпы, менің ойымша, «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасының дін саласында жұмыс істейтінін түсіну үшін мен жоғарыда атап өткен нормалар негізгі болып табылады. Мен тағы бір ережені атап өткім келеді. Заңнамада діни көзқарасына қарамастан барлық азаматтардың, діни сенімдегілердің де, дінге сенбейтіндердің де тең құқықтарын қамтамасыз ететін ұғым енгізілген. Бұл Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық міндеттемелерінің талаптарына сәйкес келеді. Көбінесе діни ғұрыптарды іс жүзінде толық орындамайтын азаматтар немесе атеистер жәбірленуге ұшырайды, оларды «имансыз», «күнәһар» деп сөгеді, бұл діни төзімсіздіктің көрінісі болып табылады. Адамдардың радикалдануының бір себебі – азаматтардың имансыз, діннен тайды, діни ғұрыптарды сақтамады деген айыптаулардан қорқуы. Бұл толықтыру діни сенім бостандығына, оның ішінде өзін ешбір дінге жатқызбау бостандығына кепілдік берілген Батыс елдерінің көпшілігінің тәжірибесіне сәйкес келеді. Әлемдік тәжірибеде діни сенім бостандығы әдепкі бойынша өзінің діні мен сенімін таңдау еркіндігін және атеистік дүниетанымды ұстануды қамтиды.

– Сіздің ойыңызша, енгізілген өзгерістеріңіздің нәтижесі қандай?

– Дін саласындағы заңнаманы оңайлатуға бағытталған бастамашылық өзгерістер бейбіт діни бірлестіктер тарапынан билік институттарына деген сенім деңгейін, діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстанның имиджі мен рейтингін арттырады деп санаймын.

Д.ПОЛТАРЕНКО, «Дін және Заман» журналының бас редакторы.

№278

Басқа материалдар

Back to top button