Әлем чемпионатының жүлдегеріне облыс әкімінің ақшалай сыйлығы табыс етілді
Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев қайықпен есуден әлем чемпионатының жүлдегері Виктор Степанов пен өңірдің аға жаттықтырушысы Владимир Петровқа облыс әкімінің 750 мың тг көлеміндегі ақшалай сыйлығын табыс етті.
Осы жылдың наурыз айында Виктор Степанов Азия чемпионатында топ жарды. Ол есу спорты бойынша екі алтын мен қола, ал тамыз айында Қазақстан тарихында екінші рет әлем чемпионатында үшінші орын алды.
Виктор Степанов пен Владимир Петров облыс әкімінің 750 мың теңге көлеміндегі сыйлығына ие болды. Бұл үздік спортшылар мен олардың тәлімгерлеріне берілетін сыйлық және өткен жылдың қараша айында тиісті қаулымен бекітілген. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада және Азия ойындарының, Әлем және Азия Чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері материалдық көтерме ақы алады.
“Соңғы жылдары біздің облыста есу спортын дамытуға тиісті көңіл бөлінуде. 2020 жылы Теміртау қаласының 60 жыл бойы жөндеу жасалмаған есу спорты бойынша олимпиадалық резерв мектебін қалыпқа келтіруге 100 миллион теңге бөлінді. Сонымен қоса, жағалау сызығын мұқият қайта құру жүргізілді. Қайықтарды, спорт алаңдарын сақтауға арналған жаңа эллинг орнатылды. Биыл 39 млн теңгеге мектепке жаңа қайықтар сатып алынды”, – делінген Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.