Облыс әкімі

Ulttyq Onim «Қарағандыда жасалған»

Қазақстандық өндірушілердің жыл сайынғы Ulttyq Onim көрмесі 20-22 мамыр аралығында Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайында өтеді. Өз өнімдерін «Даму» қорының бағдарламалары арқылы мемлекеттік қолдау алған кәсіпорындар ұсынады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Қазақстанның барлық өңірлерінен 300-ге жуық кәсіпкер өтінім берген. Қарағанды облысынан елордаға көрмеге тамақ, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, машина жасау және басқа да салаларда жұмыс істейтін 24 өндіруші барады.

«Қарағанды қаласында жасалған!» өнімдердің ассортименті кең. Азық-түліктен бастап, зергерлік бұйымдарға, сән индустриясының тауарларына дейін көрме көрігін қыздырмақ. Мысалы, көрмеге келушілер MAYKU джинсадан жасалған өнімдер брендімен таныса алады, AVISHU кительдері мен сәнді костюмдері де көп назарына ұсынылады. Қарағандыда орналасқан Қазақстандағы алғашқы кофе қайнатушылар да көрмеге қатысады. Қарағанды облысының қатысушылары құрғақ түйе сүтін, жаңғақтар мен кептірілген жемістерден жасалған ассорти, гофрокартон, жарықдиодты шамдар, шұғыл байланыс және қауіпсіздік терминалдары, медициналық униформа, ұлттық кәдесыйлар және тағы басқаларын ұсынады.

Отандық өндірушілердің Ulttyq Onim көрмесін «Даму» қоры 2015 жылдан бастап ұйымдастырып келеді. Ол отандық тауарларды ілгерілетуге, өндірушілердің тәжірибе алмасуына және экономикалық кооперацияны кеңейтуге арналған ауқымды алаңға айналды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button