Көкпекті станциясы жыл соңына дейін Қарағанды құрамына кірмек
500-ге жуық адам Қарағанды тұрғыны қатарын көбейтпек. Көкпекті станциясы (бұрынғы Солонички) барлық көшелері мен коммуналдық инфрақұрылымы қала құрамына енбек. Облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК қала бойынша жұмыс сапары кезінде Көкпекті станциясында болып, тұрғындармен кездесті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан
Қазір Көкпекті ауданында барлығы 122 аула бар, оның 6 көшесінде 500-ге жуық адам тұрады. Тұрғындардың қордаланған проблемалары жетерлік. Алайда, станцияның аумақтық және әкімшілік байланысы – ең басты дүние болмақ. Тұрғын үйлер Қарағандыға, Әлихан Бөкейхан ауданына жатады, ал қалған жерлер Бұқар Жырау ауданына қарайды.
– 15 жылдан бері қоғамдық жұмыстармен айналысып келемін. Аумақтық-әкімшілік проблемаларына байланысты бізде су құбыры желілері жөнделмеген. Ал, су құбыры 60-шы жылдары салынған. Құбырлардың тозығы жетіп, тот басқан, тұзды, агрессивті орта, тұрақты үзілістер. Балансында сумен жабдықтау жүйесі бар ұйым тек жамап қоя салады. Біз станциямыздың толығымен Қарағандыға көшкенін қалаймыз. Содан соң су құбырын ауыстыруға көңіл бөледі деген сенімдеміз, – дейді Көкпекті станциясының қоғамдық кеңесінің мүшесі Алена Степанова.
Су проблемасынан басқа, адамдар жарық пен қоқыстың жоқтығына шағымданады. Ал үш жыл бұрын жөнделген жолға белгілер орнатылмаған.
Облыс әкімі жыл соңына дейін станцияны Қарағандының қарамағына беру мәселесін шешуді тапсырды. Ол тұрғындарды келесі жылға арналған бюджетті бекіту кезінде Көкпекті тұрғындарының талап-тілегі орындалатынына сендірді. Сумен жабдықтау және абаттандыру мәселесі кезең-кезеңімен шешілетін болады.
Жол белгілері мен қоқыстарды жол бойына орнату мәселесі бір апта ішінде шешімін таппақ.
Өз тілшімізден.