АймақБас тақырыпҚарағанды
45 отбасы үйлі болады
Бүгін, халықаралық отбасы күні мерекесіне орай «Отбасын қолдау орталығы» мекемесі тұрғын үй мәселесі бойынша қарағандылық тұрғындардың сұрақтарына жауап бере отырып, кездесу өткізді.
Кездесуде тұрғындардың сұрақтарына «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ тұрғын үй секторының меңгерушісі Әділ Аубакиров пен «Отбасы банк» АҚ маманы Ұлболсын Қожабаева жауап берді.
Кездесу барысында анықталғандай, үй кезегінде тұрған 45 қарағандылық биыл көптен күткен баспанаға қол жеткізбек. Ал, жыл соңына дейін кезекте тұрған 500 тұрғынға пәтер сатып алу жоспарда тұр. 20 мыңға жуық адам тұрғын үй кезегінде тұр.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz